Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Ақтауда кәрізден шала туған бала өлі табылды

Бүгін сағат 11:51-де 102 кезекші пультіне 32 шағын ауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шала туған балаға шамамен 3-4 ай болған.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді», - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

0
1
370

Мобильді қабылдау өңірлердегі жұмысын жалғастыруда

📢📢📢Құрметті достар!Мобильді қоғамдық қабылдау өз жұмысын жалғастырып жатқандығын хабарлаймыз.Бұл қарапайым ауыл тұрғындарының мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен облыстық және аудандық мәслихат депутаттарына, партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініштерін тікелей жеткізу мүмкіндігін береді. Мобильді қабылдау "AMANAT" партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде партия Төрағасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу, сондай-ақ ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында қоғамдық қабылдаулар ашу қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. 2022 жылғы 13 маусымда қабылдау келесі елді мекендерінде өтеді:Батыс Қазақстан облысы:1. Ақжайық ауданы: өтетін орны – Қарауылтөбе ауылы,…

0
0
257

«Шауырмаға салған». ШҚО-да колонияға телефон алып кіргісі келгендер әшкере болды

Колониядағы досына кездесуге келген 35 жастағы азамат смартфондарды өзімен бірге алып кіруге тырысқан. Телефондарды шауырмаға, ал телефонға керек-жарақты майонез салынған ыдысқа жасырған. Қызметкерлер тексеріс барысында тыйым салынған заттарды тауып, ер адамды ұстаған.

«Жас жігіт колонияға досымен кездесуге келді. Ол тыйым салынған заттарды әкелді. Екі шауырмада екі смартфон, ал майонез салынған ыдыста керек-жарақ нәрселер - құлаққаптар мен қуаттағыштар болды», - деп түсіндірді мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Бұл дерек бойынша жедел топ шақырылған. Ал құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны белгілі болды.

0
0
197

Атырауда Антикор қызметкері жеті жылға сотталды

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы сәуірде Нұрсұлтан Мұятов «П» ЖШС басқарма төрағасы Б.-ға қатысты Департамент қызметкерлері жүргізіп жатқан жедел іс-шаралар туралы білген. 2021 жылғы 26 маусымда Мұятов жәбірленуші Б.-мен кездесіп, оған қатысты тексеріс тоқтатылуына, сондай-ақ, департамент пен агенттік басшылығы арқылы оң шешімге ықпал етуі мүмкін екенін айтып, 30 миллион теңге талап еткен. Олар 30 маусымда қайта кездескен кезде 21 миллион теңгеге келіскен. Бұл ақшаны сотталушы танысынан Б.-ның пәтерінен алып кетуді сұраған. Оны сол күні ақша аудару кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері ұстаған.Оның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, WhatsАpp мессенджеріндегі жазбалармен, аудио, бейнежазбалармен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен ж…

0
0
256

Референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясындағы өзгерістер күшіне енді

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.Дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берген. Референдумға келгендер 68,05 пайыз болған.Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдап, дауыс берген. Түзетулерге азаматтардың 18,66 пайызы (1 490 470 адам) қарсы болған. Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылған. Бюллетеньдердің 1,58 пайызы дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.Негізгі өзгерістер:· Қазақстан супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді.· Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.· Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, кв…

0
0
188

Нұр-Сұлтанда ХҚКО қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

«Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырмай, жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз сыйақы алу, автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою дерегі бойынша автокөлік иелеріне арналған халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған №2 орталық қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты соталды тергеуді бастады», - делінген сот хабарламасында айтылған.

Қазір қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылды.

0
0
201

Қазақстан 8 маусымнан бастап ПТР-тест пен вакцинация паспорты талабын алып тастайды

Мұндай шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

Ведомствоаралық комиссия мына талаптардың күшін жою туралы шешім қабылдады:

· 2022 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер үшін COVID-19-ға қарсы вакцинация немесе ревакцинация растауын (COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы), ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға қарсы сынаманың теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну туралы міндетті талап.

· еліміздің жеті өңірінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 көлік өткізу пунктінің жұмысына тыйым салу.

0
0
253

ШҚО-да жоғалған ер адамның денесі Ертістен табылды

Бұған дейін БАҚ еріктілер мәліметіне сілтеме жасап, Семей қалалық әкімшілігіне қарасты Новобаженово ауылында бір адам жоғалып кеткенін жарияланған болатын.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам суға батып кетуі мүмкін деген нұсқа болғандықтан, сүңгуірлер бірнеше күн бойы өзен түбін тексерген.

«4 маусымда ер адамның денесі Ертістен, Мұздыбай ауылы маңында табылды», - деді ведомство өкілдері.

0
0
271

Өскемен тұрғынының пәтерінен қарасора «плантациясы» табылды

Басылым мәліметінше, полицейлер Өскеменнің 26 жастағы тұрғынының есірткі айналымына қатысы болуы мүмкін деген ақпарат алған. Осылайша, тәртіп сақшылары күдіктінің пәтеріне тінту жүргізіп, нәтижесінде қарасора плантациясын, кептірілген марихуананың бірнеше қабын және оны қолдануға арналған құрылғыларды тапқан.

«Құрамында есірткі бар өсімдіктер арнайы шатырдағы құмыраларда өскен, онда жылу режимі, ылғалдылық сақталған», - деп түсіндірді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жабдықты интернет-ресурстар арқылы ТМД елдерінен алдыртқан.

Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша соталды тергеу басталған.

0
0
292

Мұғалімдер қауымымен кездесті

Үгіт-насихат күнінің соңғы күнінде де Республикалық партиялық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Құлшар Батыс Қазақстан облысының жұртышылығымен кездесулерді жалғастырды.

Облыстық көпбейінді аурухана және Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының ұжымымен кездесу барысында конституциялық реформалардың мәні мен мағынасына тоқталып, ел демократиялық бағытта бұдан әрі дамуға мүмкіндік алатындығы жөнінде айтты.

Сонымен қатар 5 маусымда белсенділік танытуға шақырды. Дәрігерлер мен мұғалімдер көкейілеріндегі көптеген сұрақтарды қойды, жауаптарын алды.

#ReferendumAMANAT

0
0
539