ru
Default banner
Новости
Новости
5 964 жазбалар425 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0

Мобильді қабылдау өңірлердегі жұмысын жалғастыруда

📢📢📢Құрметті достар!

Мобильді қоғамдық қабылдау өз жұмысын жалғастырып жатқандығын хабарлаймыз.

Бұл қарапайым ауыл тұрғындарының мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен облыстық және аудандық мәслихат депутаттарына, партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініштерін тікелей жеткізу мүмкіндігін береді.

Мобильді қабылдау "AMANAT" партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде партия Төрағасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу, сондай-ақ ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында қоғамдық қабылдаулар ашу қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.

2022 жылғы 13 маусымда қабылдау келесі елді мекендерінде өтеді:

Батыс Қазақстан облысы:

1. Ақжайық ауданы: өтетін орны – Қарауылтөбе ауылы, 13 маусым сағат 11:00;

2. Бәйтерек ауданы: өтетін орны – Макаров ауылы, 13 маусым сағат 10:00;

3. Бөрлі ауданы: өтетін орны- Жарсуат ауылы, 13 маусым сағат 15:00;

4. Теректі ауданы: өтетін орны- Долинное ауылы, 13 маусым 10:00;

5. Шыңғырлау ауданы:өтетін орны- Ақбұлақ ауылы, 13 маусым сағат 10:00;

Азаматтарды қабылдауға келесі нөмір бойынша жазыла аласыз: 8-7112-24-44-77