Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Халық қалаулылары тұрғындармен кездесті

Үгіт-насихат күнінің соңғы күнінде де Республикалық партиялық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Құлшар Батыс Қазақстан облысының жұртышылығымен кездесулерді жалғастырды.

«Астана» шағын ауданының тұрғындары мен «Московский» базарының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында референдумның маңыздылығы, әр азаматтың алдағы жексенбіде референдумға қатысу арқылы жаңа саяси бағдарды қолдауы, алдағы өзгерістер мен дамудың кепілі болатын бұл жалпыхалықтық іс-шараның мақсат-міндеттері толық түсіндірілді.

#referendumAMANAT

0
0
312

Автобус паркі қызметкерлерімен кездесті

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, республикалық штаб мүшесі Құлшар Мәлік Иманқұлұлы Батыс Қазақстан автобус паркі қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында конс­ти­туциялық реформалардың маңызын атап өтіп, еліміздің Конституциясына енгізі­ле­тін өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжей айтып берді.«Елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр. Жаңа Қазақстан идеясының дамуы Екінші республиканың тұжырымдамасында мазмұндалған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай үлкен өзгерістерді қолға алды. Егемендік, жеріміз, еліміз және тіліміз – біздің басты құндылығымыз болып табылады. Біз қазақ тілінің дамуына баса назар аударуымыз керек. Әрине, біз басқа да шет тілдерін білуіміз керек, бірақ алдымен туған тілі­мізді құрметтеуіміз керек», - деді Мәлік Иманқұлұлы.Өз кезегінде республикал…

0
0
230

Қызылордада полицейлер қару-жарақ қорын тәркіледі

«Қордан тапанша, оқтар, ас үй пышағы, дулыға, резеңке таяқ, темір кісендер мен арнайы киімдер табылды», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, қару-жарақ қаптарға және полиэтилен пакеттерге салынған.

0
0
239

Ақтөбеде жоғалған 9 жастағы бала бидай резервуарынан табылды

Ақтөбе полициясының мәліметінше, 30 мамырда 2013 жылғы баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын өткізіп, оқушының болуы мүмкін барлық орындарды тексерген.

«Элеваторный көшесінде орналасқан тереңдігі шамамен 10 метр болатын бидай резервуарынан ауыр жағдайдағы кәмелетке толмаған бала табылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция мен құтқарушылар кәмелетке толмаған баланы резервуардан шығарған. Енді оқушы Ана мен баланы қорғау орталығының реанимация бөлімінде ауыр халде жатыр.

0
0
266

«Бомба қойылған». Ақтөбе облысы ПД поштасына жалған хабарлама келіп түскен

31 мамырда сағат 12:30 шамасында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің электрон поштасына оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келген. Шұғыл қызмет пен сапер тобы дереу оқиға орнына барып, ғимараттардағы жарылғыш құрылғылардың бар-жоғы тексерілген.М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨМ университеті, ЭжСУ және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері, оқытушылары мен жұмысшылары ғимараттан шығарылған. Жарылғыш зат табылмады.Полиция департаменті жасырын хабарламалардың авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) соталды тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бой…

0
0
266

Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа жетті

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс келіп түскен.

Хаменова мен Рысқалиевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы пара алуы) бойынша айып тағылды.

Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.

Фото алынды inbusiness.kz

0
0
330

Экс-қорғаныс министрі Бектановты қамау мерзімі ұзарды

«13 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамауға алу мерзімін бір айға 20 маусымға дейін ұзартқанын растаймын», - делінген хабарламада.

Іс әлі сотқа келмегені атап өтілді.

Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.

Бұған дейін бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.

Фото алынды ult.kz

0
0
261

Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттері мен банкоматтарда жалған доллар сатылған

«Елордалық ҚМА департаменті 54 850 доллар көлемінде жалған ақша қаражатын сақтау және өткізу бойынша әшкереленгендерге қатысты қылмыстық істі аяқтады. Жалған купюралар елорданың валюта айырбастау пункттері арқылы айналымға, банкоматтар арқылы жеке шоттарды толтыруға, сондай-ақ, OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға енгізу арқылы тартылған», - делінген хабарламада.Агенттік азаматтарды сақ болуға және шетел валютасын бөтен адамдардан сатып алмауға шақырды.Сот А.А. Жомарт, И.Х. Чекиев, Р.А. Иманбаев және Б.Е. Төлеутайды шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырды.«Жалған банкноттар анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарлау қажет. Жалған банкноттарды табу қылмыс ретінде саналмайды, бірақ жалған банкнотты сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады», - деп ескерт…

0
0
285

Барлық шара қабылдансын - Смайылов КҚК-дағы апат туралы

Әлихан Смайылов Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін қосымша мұнай көлемін тасымалдау үшін КҚК құбыр жүйесінің осал жерлерін жою жобасын уақытылы іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

«КҚК мұнай құбырын одан әрі апатсыз және үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдау керек деп санаймын», — деді Үкіметі басшысы.

КҚК мұнай құбыры Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған ірі кен орындарынан мұнай экспорттаудың ең төте жолын және неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларды қамтамасыз етеді. 2021 жылы Қазақстаннан құбыр арқылы 53,1 млн тонна мұнай, 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында 18,7 млн тонна мұнай тасымалданды.

0
0
288

Ертіс өзенінен бір әйел өлі табылды

«12 мамырда Үлбі полиция қызметі Ертіс өзенінен әйелдің денесін тапты», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қозғалған қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

0
0
253