ru
Default banner
Новости
Новости
5 964 жазбалар425 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0

Өзекті мәселелер партияластар назарында

Бүгін «AMANAT» партиясының кіші мәжіліс залында облыстық филиалы жанындағы өңірлік даму қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде

1. Қант тапшылығы және қант бағасының өсуі туралы

2. Қала жолдарының сапасы және оларды жөндеу жоспарлары туралы

3. Су қысымының төмендеуі және су берудегі жиі үзілістер туралы сұрақтар көтерілді. Кеңес жұмысына облыстық кәсіпкерлік басқармасының, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының және «Батыс Су Арнасы» ЖШС өкілдері қатысты.

Отырысты қоғамдық кеңес төрайымы ашып, сөз кезегін БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Сүлеймен Мирас Серікұлына берілді. Мекеме басшысының орынбасары облыстағы қант бағасының күрт өсуіне байланысты жиын қатысушыларына түсіндіріп, баяндап берді.

- Отандық қант зауыттарының жіберу бағасы 450 теңгені құрайды. Сәйкесінше, біздің көтерме жеткізушілер заңды талабына сәйкес, 15 пайызын қоса алады сауда үстемесін. Одан кейін бөлшек сауда немесе розничная торговля деп атаймыз. Олар да көтерме саудалаушылардан алып, заңды талабына сәйкес, 15 пайызын қоса алады. Сол кезде жаңағы айтқан 30 пайыз шығады. Қазіргі кезде 13 вагон қант сатып алынған. Соның 5 вагоны жергілікті сауда базарларына жеткізілетін болады. Айта кетейік, әр вагонда 68 т қант бар.

Ал облыстағы заңсыз бағаны көтеру жөніндегі оқиғаларға тоқталар болсақ, жүйелі түрде ақпараттық-түсіндірме, мониторингтік жұмыстар жүргізілуде. Ал егер тікелей саудагерге немесе сауда орнына байланысты деректер анықталса, тек азаматтардың өтініші, чек, фото-, видео-материалдар арқылы ғана тексеру жұмыстарын жүргізе аламыз. Заңсыз немесе азаматтардың өтініштерінсіз мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлердің жұмысын тексере алмайды, - деді Мирас Серікұлы.

Белгілі болғандай бұрын өңірге қажетті қанттың 60 пайыздан астамы Ресей мен Белоруссиядан әкелінетін. Енді олардың орнын толтыруы тиіс отандық зауыттан тиімді бағамен өнімді молынан сатып алуға жергілікті кәсіпкерлер де бата алмай жүр. Өйткені баға санап құбылады. Себебі қанттың бағасы тікелей әлемдік нарықтың қадағалауымен бекітіліп отырады-мыс. Қанттың бағасы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де жаппай көтеріліп жатырғаны белгілі болды.

Екінші сұрақ бойынша Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының орынбасары Кабенова Алия Қайдарқызы мәлімдеп берді. Алия Қайдарқызының айтуы бойынша қаражат тапшылығына байланысты облыстағы жолдардың жағдайы өте нашар жағдайда. Қазірдің өзінде 2021 жылдан бері 4 нысанның құрылысы ауыспалы түрде жүзеге асырылып келеді. Мердігерлер тарапынан да олқылықтар жоқ еместігін айта кетті.

Өңірдегі су қысымының төмендеуі және су берудегі жиі үзілістер туралы «Батыс Су Арнасы» ЖШС директоры Аркенов Ануар Бөкенұлы баяндады. Мекеме басшысының мәлімдеуінше, су құбырларының жөндеу жұмыстарына байланысты қиындықтар туындауда.

Жиын барысында облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Сұлтанғалиев Махамбет мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің жұмысына көмек, өолдау көрсету мақсатында тікелей қоғам белсенділерімен бірге жұмыстануға шақырды. Белсенділер, партияластар тарапынан бірегей жұмыс топтарын құрып, өңірдегі орын алған заңсыз деректердің алдын-алу бойынша бірлесу жөнінде ұсыныс білдірді.

Жиын соңында хаттаманың негізінде жазылған шаралар жүзеге асып, қорытындысы бойынша тағы да отырыс өткізілетіндігі белгілі болды.