2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізу туралы
Республика бойынша 340 мыңнан астам көп балалы отбасы, оның ішінде Қостанай облысы бойынша 5 мыңнан астам отбасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады.Осы мемлекеттік жәрдемақыны енгізу а.ж. 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ЕХӘҚМ әзірлеген, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағыттарының бірі болып табылады.Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе күндізгі оқу бөлімінің 23 жасқа дейінгі студенттері бар көп балалы отбасыларға олардың табысына қарамастан төлеу жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері балалардың санына байланысты сараланған б…
