Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініштерді қарау тәртібі
Алғашқы екі күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға 73 364 адам өтініш білдірді, оның ішінде 33 432 адам АӘК тағайындауға өтініш берді. Бұл ретте азаматтардың басым бөлігі халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінді. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында аудандық әкімдіктерде өтініштерді қабылдау бойынша қосымша пункттер ашылды. Алғашқы күндер өтініш берген адамдардың санын ескере отырып, АӘК тағайындау тәртібін түсіндіру қажет деп санаймыз.1-кезең: құжаттарды қабылдау және қалыптастыру Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері өтініштерді қабылдайды және мемлекеттік органдардың электрондық базасын пайдалана отырып, қажетті құжаттарды дербес жинайды. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау салу жіберіледі. Бұл ретте өтініш берушілер қажетті…
