2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізу туралы
Республика бойынша 367 мыңнан астам көп балалы отбасылар, соның ішінде Қостанай облысы бойынша 5 мыңнан астам отбасылар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы ала бастады. Барлығы 2020 жылы осы жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд.теңге көзделген. Осы мемлекеттік жәрдемақыны енгізу а.ж. 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ЕХӘҚМ-мен әзірленген, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағыттарының бірі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе күндізгі оқу бөлімінің 23 жасқа дейінгі студенттері бар барлық көп балалы отбасыларға олардың табысына қарамастан төленед…
