2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізу туралы
Республика бойынша 367 мыңнан астам көп балалы отбасылар, соның ішінде Қостанай облысы бойынша 5 мыңнан астам отбасылар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы ала бастады. Барлығы 2020 жылы осы жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд.теңге көзделген. Осы мемлекеттік жәрдемақыны енгізу а.ж. 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ЕХӘҚМ-мен әзірленген, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағыттарының бірі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе күндізгі оқу бөлімінің 23 жасқа дейінгі студенттері бар барлық көп балалы отбасыларға олардың табысына қарамастан төленеді. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері балалардың санына байланысты сараланған. Сонымен, 4 баладан тұратын отбасылар 42 496 теңге (16,03 АЕК), 5 баладан 53 126 теңге (20,04 АЕК), 6 баладан 63 757 теңге (24,05 АЕК), 7 және одан да көп баладан 74 388 теңге (28,06 АЕК) алады. Жәрдемақының орташа мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды, бұл 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған ұқсас арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан 4-7 есе артық. ---------------------------------------------------------------
Более 367 тыс. многодетных семей по республике, в том числе более 5 тыс. семей по Костанайской области, начали получать новое государственное пособие с 1 января 2020 года. Всего в 2020 году на выплату данного пособия предусмотрено 177,6 млрд.тенге. Введение данного государственного пособия является одним из трех основных направлений поддержки малообеспеченных и многодетных семей, предусмотренных в новых механизмах оказания адресной социальной помощи, разработанных МТСЗН РК по поручению Главы государства, озвученному в Послании народу Казахстана от 2 сентября т.г. Вышеуказанное государственное пособие выплачивается всем многодетным семьям, имеющим 4-х и более несовершеннолетних детей или студентов очной формы обучения в возрасте до 23 лет, вне зависимости от их дохода. Размеры государственного пособия дифференцированные в зависимости от количества детей. Так, семьи с 4-мя детьми получают 42 496 тенге (16,03 МРП), с 5-ю детьми – 53 126 тенге (20,04 МРП), с 6-ю детьми – 63 757 тенге (24,05 МРП), с 7-ю и более детьми – 74 388 тенге (28,06 МРП). В среднем размер пособия составляет 10-11 тыс. тенге на каждого ребенка, что в 4-7 раз больше аналогичных специальных государственных пособий, назначение которых было прекращено с 2018 года.
