Қостанай облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша ағымдағы жағдай туралы
5 қаңтардан бастап жаңа форматта берілетін атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш қабылдау басталды.
Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға балалар санына қарамастан қарастырылған. АӘК тағайындау үшін басты өлшем - жан басына шаққандағы орташа табысы, отбасының әрбір мүшесіне аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70% аспауы тиіс. Отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшері жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырмашылық ретінде айқындалатын болады. АӘК ашықтығын қамтамасыз ету үшін тоқсан сайын тағайындалатын болады, ал отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімі 3 күннен 7 күнге дейін ұлғайтылады. Егер отбасы АӘК қажет деп есептесе, онда қаңтар айында әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар бере алады. АӘК алатын барлық отбасылардың балаларына мемлекет кепілдік берген әлеуметтік пакет берілетін болады.
Департамент қызметкерлері күнделікті негізде облыстың аудандары мен қалаларының жұмыспен қамту орталықтарындағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініштерді қабылдау бойынша ахуалға мониторинг жүргізеді. Қостанай облысының жұмыспен қамту орталықтарында жағдай тұрақты, АӘК алуға кезек жоқ. Бүгінгі күні құрамында 5 361 адам бар 1 204 отбасы, оның ішінде 3 411 бала әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірді. -------------------------------------------------------------- С 5 января начался прием заявлений на назначение адресной социальной помощи, которая предоставляется с нового года в новом формате. Адресная социальная помощь предусмотрена малообеспеченным семьям независимо от количества детей. Главный критерий для назначения АСП – это среднедушевой доход, который на каждого члена семьи не должен превышать 70% от регионального прожиточного минимума. Размер АСП для всех членов семьи будет определяться как разница между среднедушевым доходом и чертой бедности. Для обеспечения прозрачности АСП будет назначаться ежеквартально, а срок проведения обследования материального положения семьи увеличен с 3 до 7 дней. Если семья считает, что нуждается в АСП, то может в течение января подать документы на назначение соцпомощи. Детям из всех семей, получающих АСП, также будет предоставляться гарантированный государством соцпакет. Сотрудниками департамента на ежедневной основе проводится мониторинг ситуации в центрах занятости районов и городов области по приему заявлений на назначение адресной социальной помощи. Обстановка в центрах занятости Костанайской области стабильная, очереди на получение АСП отсутствуют. На сегодняшний день 1 204 семей, имеющих в своем составе 5 361 чел., из которых 3 411 детей, обратились за назначением социальной помощи.
