Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Ұзынағашта атыс болып, бір адам қаза тапты

Полиция мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қаза болған.

«Полицейлер дереу деректің барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған шараларды қолға алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоспар жарияланып, аймақтық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, оқиға бір топ жергілікті тұрғындар арасында болған. Қазіргі уақытта күдіктілердің бәрі анықталған, енді оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

0
0
329

Алматыда полиция қызметкері әйелді қағып өлтірді

Оқиға Жансүгіров көшесінде түнде болған. Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 3 тамызда сағат 23.25-те болған.

«Хюндай» маркалы қызметтік көлік жүргізушісі, патрульдік полиция полкінің қызметкері, 1993 жылы туған азамат Т.Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесі қиылысында 49 жастағы әйелді қағып кеткен. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында қаза болды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды.

0
0
218

«Южный» саябағындағы учаскені қайтару: Алматы әкімдігі сотқа шағым түсірді

Тұрғындармен кездесу кезінде Алматы әкімі Ерболат Досаев «Южный» саябағындағы даулы аймақтың мәселесіне тоқталды. Тұрғындар оны жекеменшік иесінен алып, саябаққа қайтаруды талап етті. Қазір бұл аймақ коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатумен айналысатын компанияға тиесілі.«19 сәуірде Алматы әкімдігі осы учаскені алып қою туралы қаулы қабылдады, бірақ иесі өтемақы сомасымен келіспейді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа мемлекеттік мүлік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы арыз түсірді. Оң шешім қабылданған жағдайда «Южный» паркінің аумағы 2,8 гектарға ұлғаяды», - деді әкім.14 шілдеде Алматы әкімдігі Жароков - Левитан көшесіндегі ауданы 30 сотық жер учаскесін алып қою туралы қаулы қабылдады. Бұл аумақта 2023 жылғы қазанға дейін аудан тұрғындарының бос уақыты мен демалысы үшін спо…

0
0
257

Алматыда өздерін ТЖМ қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ұсталды

Қадағалау органының баспасөз қызметі мәліметінше, тергеу кезінде күдіктілердің Алматыдағы Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 24 кәсіпкерге қатысты бопсалау ісіне қатысы бары анықталған.Бірінші кезеңде ұйымның техникалық қызметкері ретінде есепте тұрған 1991 және 1995 жылы туған екі адам ұсталды. Кейіннен серіктестік директорының 1995 жылғы орынбасарының қатысы бар екені анықталды, оған да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы «Бірнеше рет жасалған алаяқтық» бойынша айып тағылған.«Бұл қылмыстың жазасы мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Соталды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуратурасы қылмыстық істі сотқа қарауға жіберді. Мұндай заңсыз әрекеттер бизнеске қысымды төмендету бойынша жүргізіліп ж…

0
0
275

Петропавлда әлеуметтік желіде аңдамай сөйлеген ерлі-зайыпты бес жылға сотталды

Сот мәліметінше, ерлі-зайыпты Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық тұтастығы туралы пікірталасқа белсене қатысқан.«2022 жылғы 11 желтоқсанда ерлі-зайыпты телекоммуникация құралдарын пайдаланып, «Чат Рулетка» қосымшасында мәлімдемесі Қазақстан Республикасының біртұтастығын бұзуды насихаттайтынын түсіне тұра, Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясына қосылуын жақтамайтын басқа тұлғаға ашық түрде Қазақстан Республикасының біртұтастығын сақтау тұрғысынан саяси және әлеуметтік тәуекелдерге әкеп соғатын қоғамдық қауіпті мәлімдемелер жасаған», - делінген сот мәлімдемесінде.Сотталушылар кінәсін жоққа шығарғанымен, сот оны толықтай дәлелденген деп тапты. Сот ерлі-зайыптыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі…

0
0
309

Жамбыл облысындағы колония қызметкерлеріне шабуыл: зардап шеккендер жансақтауда жатыр

Ведомство мәліметінше, 1 тамызда сағат 8.39-да жедел жәрдем станциясына ҚАЖ департаментінің ТЖ-158/7 мекемесінен қоңырау түскен. Мекемеге екі жедел жәрдем бригадасы барған. Мекеменің медицина қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен. Кейін олар облыстық ауруханаларға жеткізілген.«Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Олар шұғыл түрде Тараз қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оларға бірден ота жасады», - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі адамның жағдайы орташа, біреуі тұрақты екенін атап өтті.Еске салайық, 1 тамызда сотталушы Жамбыл облысындағы колония әкімшілігінің қызметкерлеріне шабуыл жасаған болатын. Оқиға облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7…

0
0
267

Атырау облысында суға батып кеткен әкім табылды

Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ринат Жанқылыш 2021 жылғы ақпанда Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.

«Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестер Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кеткені хабарланған болатын. Кейінірек іздеу жұмыстарына екі сүңгуір бригада, екі катер және бір мотор қайығы жұмылдырылғаны белгілі болды.

0
0
316

Ақтөбеде жол апатынан алты адам қаза тапты

Басылым мәліметінше, жол апаты 30 шілде сағат 23:30-да Самара-Шымкент тасжолында болған. Бұл - Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңы. Honda Fit маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен. Рульде Қырғызстан Республикасының азаматы отырған. Салдарынан Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан Lada Largus маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, Honda Fit автокөлігінің жолаушысы мерт болды. Honda Fit автокөлігінің жүргізушісі 30 жастағы жолаушымен бірге түрлі жарақатпен Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

0
0
320

«Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды» - ҚМА

Жыл басынан бері ҚМА 4 миллиард теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегі бойынша 35 қылмыстық іс қозғаған.

«Бұл деректер бойынша соталды тергеу аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды», - делінген хабарламада.

0
0
255

Қызын ертіп жүрген: Алматыда балалар арбасын ұрлап келген әйел ұсталды

Басылым мәліметінше, Алматыда 25 жастағы әйел бірнеше мүліктік қылмыс жасағаны үшін ұсталды. Ол тұрғын үйлердің кіреберістерінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерді ұрлап жүрген.

«Бейнебақылау камераларынан әйел қызының көзінше еш қымсынбастан бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды. Қазір азамат А-ның бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сегіз жағдайға қатысы бары дәлелденді», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Полиция әйелдің осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Соталды тергеу шаралары ҚР ҚК-ның 188-бабы 2-бөлігі бойынша қаралады.

0
0
379