Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 362 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

М.Құл-Мұхаммед: Қазақстан 25 жыл ішінде күшті әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналды

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясына қатысты. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары жасалған жұмыс туралы есепті тыңдап, келешектегі басым бағыттарды айқындап берді. «Елбасымыз бүгінде бүкіл әлем таныған әсем Астанамызды салып, оны дүние жүзіне жарқырата көрсетті. Астана бүкіл өңірлеріміз үшін дамудың даңғылына айналды. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалы Елбасымыздың бағдарламалары мен стратегиялық курсын орындауда облыстық партия ұйымдары үшін үлгі-өнеге болуға тиіс. Бұл, әсіресе, миллиондаған EXPO қонақтарын қарсы алу кезінде ерекше мәнге ие», – деп атап өтті партия Төрағасының Бірінші орынбасары. Бүгінгі таңда «Нұр Отанның» астаналық филиалы 350 бастауыш партия…

0
0
655

ХКБ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты жоғары бағалады

Париж қаласында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов басқарған делегациясы Халықаралық Көрмелер Бюросының 160 Бас Ассамблеясына қатысты, деп хабарлады ұлтттық компания. Ұлттық компания басшысы өз сөзінде көрмеге дайындық барысымен таныстырып, алдағы кезеңдегі компания жоспары туралы айтып өтті. Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын 106 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. 103 секция Комиссарлары тағайындалды, 89 қатысу келісімшартына қол қойылды. Ұлттық күнді өткізуге арналған 93 күннің 67-сі бекітіліп қойды. Дамушы мемлекеттерге қолдау көрсету бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Ұлы жібек жолындағы мемлекеттер, Египет, халықаралық ұйымдар, Кариб қауымдастығы, Африка, Тынық мұхиты мемлекеттеріне техникалық сессиялар өткізілді. Павильондар…

0
0
770

Жамбыл облысында мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғылады

Жамбыл облысында 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғылады, деп хабарланды өңірлік коммуникациялар қызметінде. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны 18211,7 млн теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. 2015 жылы екінші бесжылдықта Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, ауданда жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. «Жамбыл Недр» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цемент өндіреді. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты іске қосқан жағдайда 150 - 200 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде «Сулейменсай» карьерінің әктасы мен топырағы пайдаланылуда. Жалпы құрыл…

0
0
607

Е. Сұлтанов: Бiздiң астанамызды құруда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың рөлi зор

Астана барша халықтың мақтанышы, деді өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының XXIV есеп беру-сайлау конференциясы барысында. Күн тәртiбiндегi маңызды мәселе партияның саяси кеңесiнiң 2015-2016 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы болды. Ең алдымен, өз баяндамасында Ерiк Сұлтанов Парламент депутаттары қабылдаған ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған Декларацияға қолдау бiлдiрдi. Өңiр басшысы Қазақстан Президентi ең қиын кезеңде қабылдаған маңызды шешiмi елiмiздiң жаңа даму мен гүлдену кезеңiне есiк ашқанын атап өттi. «Саяси және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңын қабылдау, жоғары халықаралық беделге жету — Елбасының жоғары саяси ерiк-жiг…

0
0
549

2016 жылы ҮЕҰ жобаларын қаржыландыру көлемі 23%-ға ұлғайды

2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыру көлемі 23%-ға өсіп, 9 280,4 млн теңгені құрады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Астанада VII Қазақстанның Азаматтық форумы барысында хабарлады. «ҚР Қаржы министрлігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы деректері бойынша, 2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыру көлемі 23%-ға өсіп, 9 280,4 млн теңгені құраған (2015 жылы – 7 143,9 млн теңге). Соның ішінде республикалық деңгейде – 534,8 млн теңге (2015 жылы – 914,8 млн теңге), өңірлік деңгейде – 8 745,6 млн теңге (2015 жылы – 6 229,1 млн теңге)» деді ол. И. Тасмағамбетов мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – бұл «мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылының тиімді тетіктеріні бірі» екенін атап өтті…

0
0
397

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда кедейлік деңгейі 17 еседен астам азайды – ҚР ДСӘДМ

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда кедейлік деңгейі 17 еседен астам азайды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан кешенді шаралар нәтижесінде 2001-2015 жылдары кезеңінде табыстары ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз тұрғындардың үлесі 46,7%-дан 2,7%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың өмір сүру сапасының және кедейлік деңгейінің азайғанының дәлелі. 2002 жылы әртүрлі объективті (жасы, уақытша еңбекке жарамсыздығы, денсаулығының жағдайы, жұмыстың жоқтығы және т.б.) себептермен өзінің тіршілік әрекеттерінде жағдай жасауда қиындықтарды бастан кешкен аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек қарастыратын «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Атаулы әлеу…

0
0
404

Алматы және Кипр туристік сервис саласында тәжірибе алмасуда

Кипрдің туристік сервистен жиған тәжірибесі мол және бізге барынша қызық, - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек Кипр Республикасының Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы Елшісі Георгиос Касулидиспен кездесу барысында. Қала әкімдігінде хабарланғандай, тараптар сауда-экономикалық, мәдени- гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту және туризм саласында тәжірибе алмасу мәселелерін сөз етті. «Алматыда 150-ге жуық сәулет, тарих, мәдени ескерткіштер бар. Қазақстанның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрағатына енген сегіз нысанның төртеуі, соның ішінде Талхиз қаласы мен Тамғалы таңбасы бар қырлы тастар оңтүстік астана аймағында. Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 56 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим кестесін одан әрі кеңейтеді. Бұдан өзге Алматыда Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді…

0
0
399

Қазақстан және Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті

Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтамақтастық жөніндегі комиссиясының 7-ші отырысы барысында Қазақстан және Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті. Комиссияны Қазақстан тарапынан Қазақтан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Израиль тарапынан Израиль Мемлекетінің Қоршаған ортаны қорғау және Иерусалим мен диаспора істері жөніндегі министрі Зеэв Элькин басқарды. Комиссияның отырысы шеңберінде Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда, кәсіпкерлік пен инвестиция, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті және болашақ бағыттары, сондай-ақ Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Б. Нетаньяхудың Қазақстан Республикасына сапары барысында екіжақты құжаттарды қол қоюға…

0
0
349

Британия Қызылорда облысында қара тақтатас өңдеу жобасына 125 мл доллар инвестициялайды

Британдық инвестор Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын іске асыруға 125 млн доллар бөледі, бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысқан Лондондағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы барысында белгілі болды. Комиссия отырысында Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Нәтижесінде жобаның ІІ және ІІІ кезеңдерін 125 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестормен қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Аталмыш жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы аясында, Қазақстан Республи…

0
0
456

Қазақстан БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық пен қауіпсіздік салаларында серпін беруге ынталы – Нығматулин

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Парламентінің Мәжілісі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысында сөз сөйлеп, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелігі аясында аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті сұрақтарын талқылауға қазақстандық парламентшілердің де белсене қатысуына қатысты бірқатар ұсыныстарды алға тартты. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай біздің еліміз БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық және қауіпсіздік, қарусыздану, терроризммен күрес және аймақтық қақтығыстарды ретттеу салаларында серпін беруге ынталы», - деді Н.Нығматулин. Сондай-ақ, осы күні Санкт-Петербор қаласында…

0
0
653