Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 362 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Н.Назарбаев: Өңірлік туризмді ілгерілету қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту үшін маңызды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кеңеске Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдар басшылары қатысты. Қазақстан Президенті «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылуы заңның үстемдігі қағидатын нығайтуға, мемлекеттік қызмет сатыларынан өту жүйесін жетілдіруге, бизнестің дамуына жағдай жасауға, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтар алдында есеп беретін ашық Үкімет қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. «Бұл бес тармақтың орындалуы Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына қосылу кезеңі болып саналады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы мемлекеттік…

0
0
459

Қ.Тоқаев Санкт-Петербургте ҰҚШҰ ПА аясында бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жоғарғы Палатаның делегациясы ТМД және ҰҚШҰ парламентаралық құрылымдарының жұмысына қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлады Сенат. Шараның күн тәртібіне ұйымдастыру, заң жобалары және ережелер әзірлеу сипатындағы мәселелер кірді. Атап айтқанда, дағдарысты жағдайларда әрекет жасау; мамандар даярлау және білімін жетілдіру; технологиялық терроризмге қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету; есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымын бақылау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нормативтік-құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету бағытында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру бойынша құжаттар қабылданды. Отырыста «Заңды тұлғалардың және (немесе) оның активтерін заңсыз иелену және басқаруға қарсы іс-қи…

0
0
357

Голландиялық компаниялар Қазақстанның индустриялық жобаларына қатысуға шақырды

Амстердамда Корольдік Индустриялық клубында (Амстердам қ.) 100-ден астам голландиялық кәсіпкердің, қазақстан-нидерланд Іскерлік кеңесі мен «KAZNEX INVEST» агенттігі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан күні атап өтілді. Іс-шараны Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанның Нидерландыдағы елшілігі ұйымдастырды. Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі Мағжан Ілиясов кездесуге қатысушыларды тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің қалыптасуы мен дамуындағы рөлімен, сондай-ақ Нидерландымен іскерлік ынтымақтастық мүмкіндіктерімен таныстырып өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ. М. Ілиясов голландиялық компанияларды Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму жобаларына және инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» бағдарламасына белсенді қатысуды шақырды. «ЭКСПО-201…

0
0
475

ҚР-да медкадрларды даярлау шетелдік медуниверситеттермен әріптестікке негізделеді - Дүйсенова

Қазақстанда медкадрларды даярлау қазақстандық және шетелдік медуниверситеттердің әріптестігі негізінде жүзеге асырылады, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Жетекші шетелдік университеттері мен медициналық ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестіктің бірінші кезеңінің қорытындылары туралы» халықаралық конференциясы барысында. Рrimeminister.kz хабарлағандай, конференцияда сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова медициналық білімнің ары қарай жетілдірілуі клиникалық тәжірибе, медициналық білім мен ғылыми қызметтің үшбірлігінің негізінде отандық медициналық ЖОО-ның әлеуетін нығайтуды қарастыратынын атап өтті. Медициналық кадрларды дайындау саласында үздік халықаралық тәжірибені енгізу қазақстандық медицина университеттерінің шетелдік ЖОО-мен стратегиялық серіктестік…

0
0
291

Қазақстанда 560-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған

2016 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша 564 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген, деп хабарлады ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында. 61-қадамда шикізат базасын дамыту және өңделген өнімді экспорттау міндеті белгіленген. Кремонини компаниясы Алматы облысында ет өңдеу кешенінің құрылысын жобалап бастады. Рифа Холдинг компаниясы «Еуразия Агро Холдинг» ЖШС компаниясымен бірлесіп жылына 17 мың тонна қой етін өңдейтін ет өңдеу кешенін жобалауда. Сондай-ақ аль Рамиз Интернейшнл компаниясымен бройлерлік бағыттағы құс фабрикасының құрылысы бойынша келісімшарт жасалды. Оның қазақстандық әріптесі - «Ak Kazyna Group» ЖШС. Ұлт жоспарының 35-қадамы бойынша Министрлік жер реформасы шеңберінде қазақстан…

0
0
497

Дипломатиялық корпуспен ЭКСПО өткізу уақытындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлескен мәжіліс өткізді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі. Күн тәртібінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу барысындағы аккредитация мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Негізгі атқарылған жұмыс қарқыны туралы ұлттық компания Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов тоқталып кетті. Сондай-ақ, ол іс-шараға дайындықтың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығын, әрі барлық сала бойынша жұмыстың күшейтілгендігін айтты. «Көрмеге дайындық қарқынды жүріп жатыр. 31 қазаннан бастап халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру рәсімін бастап кеттік. Көрмеге келушілердің қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылуда. Оны өз деңгейін…

0
0
254

Мәжіліс депутаттары 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілетін түзетулерді мақұлдады

ҚР Парламентінің Мәжілісі «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген түзетулермен келісті. «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ағымдағы жылғы 17 қарашада ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында қаралды. Сенат 27 түзету енгізді, оның ішінде бір түзету Алматының бюджеттік алым көлемінің азаюына орай бюджеттің кіріс бөлігінің 1,8 млрд теңгеге азаюына қатысты, 13 түзету Үкіметтің резерв қаражатын қысқарту есебінен 26 млрд теңге жалпы сомасына 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қайта бөлуге қатысты», - деді депутат Омархан Өксікбаев төменгі палатаның пленарлық отырысында. Ол 13 түзету бөлінген қаражатты бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында қайта бөлумен, сондай-ақ…

0
0
677

Н.Назарбаев АӨК дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кеңеске Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, Премьер-Министрдің орынбасары И.Тасмағамбетов, Президенттің көмекшісі Ә.Смайылов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев қатысты. Іс-шара барысында маңызды бағдарламалық құжаттарға қатысты негізгі ұстанымдар қарастырылды. Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде биылғы қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында тиісті тапсыр…

0
0
601

Алматыда халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қаржылық қолдауға 6,2 млрд теңге бағытталған

Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеу есебінен халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына қаржылық қолдау көрсетіледі, бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ХIX есеп беру-сайлау конференциясы барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты. Ол өзінің сөзінде қала бюджетін оңтайландыру арқасында дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына сыйақы беру үшін қаржы бөлінгенін жеткізді. Алматыда 2016 жылы жергілікті бюджеттен 123 млрд. теңге үнемделген,яғни жолайрықтарын, құрылыс обьектілері мен Универсиаданы оңтайландыру барысында 60 млрд. теңге, МЖС аясындағы әлеуметтік обьектілер құрылыстары мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен 56,5 млрд. теңге, мемлекеттік сатып алу есебінен 6,5 млрд. теңге.…

0
0
683

Мәжіліс медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін ауыстыру туралы заң жобасын қабылдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыс барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін аударымдар мен жарналарды төлеу мерзімін өзгертуді, осыған байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің барлық процестерінің іске қосылу мерзімін өзгертуді қарастырады. «ҚР заң жобасы 2016 жылғы 9 қарашада Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында мақұлданды. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында комитет ҚР Бюджет кодексінің 53-бабы 1-тармағының 5-ші тармақшасына өзгеріс енгізуді ұсынды. Түзетулер ҚР Үкіметіне қорытынды алу үшін жолданды», – деді депутат Зәуреш…

0
0
505