Жас ұрпақ ата-бабаларымыздың армандарын жүзеге асыруы керек – Елбасы
Конгресте Мемлекет басшысының атынан «Нұр Отан» партиясы Төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөз сөйледі.«Жас Отан» - бұл белсенді жастар қозғалысы, ол барлық стратегиялық бастамаларды қолдайды және менің саясатымның негізі болып табылатын партия. Тәуелсіздіктің ең бірінші күндерінен бастап, біз болашақ, өскелең ұрпақтың болашағы туралы ойладық. Бізбен қабылданған барлық іс-әрекеттеріміз жастардың қатысуымен жүзеге асырылуы керек. Біздің бастамаларымыз одан әрі қолдау табатынына және жүзеге асырылатынына сенімдімін», - деді Президент.Ол Қазақстан төртінші индустриалды революция әлеміне аяқ басқанын атап өтті.«Біздің жоғары мақсаттарымызға жету үшін біз әлемдегі жаңа жетістіктерді бейімдеуіміз керек. Осы мақсатта біз Қазақстанда рухани, саяси, экономикалық жаңар…
