Білім саласына қосымша қаражат бөлінді. 2-бөлім
Бұл қаражатқа орта білім беру ордаларына жаңа-заманауи жабдықтар алу, мұғалімдердің біліктілігін көтеру, оқушылардың компьтерлік біліктілігін көтеру, білім саласындағы үш тілділік білім беру жүйесін жасау қарастырылған. Елді мекендер мен қала оқушылары алатын білім сапасында айырмашылықты азайту көзделген.
«Жабдықтардың 32,5 мың жиынтығы жеткізілуіне байланысты ауыл мектептерінің 60% компьютерлермен, проекторлармен және экрандармен жабдықталатын болады, бұл жаңа цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділікті жақсартуға, бейне дәрістер мен интерактивті сабақтарды жүргізуге, электрондық журналдар мен күнделіктерді толтыруға көмектеседі», - деп атап өтті білім министрінің қызметін орындаушы.
Асылова бұл шара оқушылардың алға жылжуы мен ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім сапасын теңестіруге мүмкіндік беретінін айтты. Мектептерде тілдерге де баса назар аударылатын болады. Жаңа даму дәуіріне аяқ басқан еліміз үшін, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу күн тәртібінде біріншілердің қатарында тұрған мәселе. Ағылшын тілінде оқулықтар, тек мектеп оқулықтары ғана емес, сонымен қатар, қосымша әдебиеттер де алынатын болады.
«Педагогикалық мамандықтар бойынша 47 білім беру бағдарламасы әзірленеді және болашақ мұғалімдерді дайындау үлгісі қайта қарастырылады. Сонымен қатар, педагог кадрларды оқытуды қамтамасыз ететін 16 жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы нығайтылатын болады», - деп жалғастырды Асылова.
Министр бұл қаражаттардың көмегімен инклюзивті білімге қолдау көрсетуді күшейтетінін атап өтті.
«Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін сапалы білім беру қызметтерін ұсыну олардың әртүрлі әлеуметтік қызмет түрлерінде табысты әлеуметтенуі мен өзін-өзі жүзеге асыруының негізгі және міндетті шарттары болып табылады. Осы саланы іске асыру барысында оқыту мен тәрбиелеу тәсілдеріндегі іргелі өзгерістерге арналған арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды кәсіптік даярлау бойынша жаңа оқыту бағдарламалары әзірленетін болады. Инклюзивтік білім берудің практикалық іске асырылуы жүзеге асырылатын 9 ресурстық орталық құрылады. Көру қабілеті нашар және интеллекті бұзылған балаларға арналған 7000 оқулық сатып алынатын болады» - деді Асылова.
