Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Білім саласына қосымша қаражат бөлінді. 1-бөлім

Сенат «ҚР мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.

«Қарыз тақырыбы орта білім беру дәрежесін арттыруға, білім беру жүйесіндегі қолжетімділікті арттыруға, аймақтық білім беру саласындағы дәрежелер алшақтығын азайтуға бағытталған орта білім беруді жаңғырту жобасын жүзеге асыру болып табылады. Несиенің қаражат сомасы 75 млн. АҚШ долларын құрайды. Қайта құру және Даму Банкінің берген несиесі 67 млн. АҚШ долларын құрайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен 8 млн. АҚШ доллары көлемінде несиені бірлесіп қаржыландыруға мүмкіндік береді, несие мерзімі 17 жылға дейін, оның ішінде 5,5 жыл жеңілдік кезеңі», - деді Б. Асылова.

Ол Білім министрлігінің қарызы үшін ҰБТ тестілеу және студенттердің білім дәрежесін сыртқы стандарттар бойынша бағалауға мүмкіндік алу, жаңа мультимедиалық элементтермен тест тапсырмалары деректер базасын жаңарту үшін жаңа стандарттарды қалыптастыратындығын атап өтті.

«Білім беру құралдарын бәріне қолжетімді ету, оқу сыныптарын мультимедиялық құралдармен қамтамасыз ету және елді мекендердегі мұғалімдерінің әлеуетін арттыру арқылы ауыл мектептері мен бірнеше толық мектептердегі оқушылардың үлгерімі бойынша шаралар қабылданатын болады», - дейді Асылова.

Оның айтуынша, жобаның жалпы қаржыландыруының шамамен 67% -ы 5 400 ауылдық мектептерді интерактивті жабдықпен қамтамасыз етуге бағытталған. Ауылдық аймақтарда білім беру саласына жаңа леп берілгені белгілі, ендігі мақсат қала оқушылары мен ауыл оқушылары арасындағы алшақтықты барынша азайту. Ол үшін ауыл мектептерін жаңа заманғы мультимедиалық жабдықтармен жабдықтаумен қатар, тілдерге баса назар аудару қажет. Сапалы білімді үш тілде қатар алу үшін әрине жоғары білікті мұғалімдер де үш тілде сабақ бере алатын деңгейде болуы керек. Білім және ғылым саласында үш тіл мәселесі де баса назарда.

0
0
297

Осы тақырып бойынша