«Нұр Отан» медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 2-бөлім
Өз кезегінде, клиниканың қызметкерлері медицинада цифрландыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және олардың спектрін кеңейту үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Олар бұл саланың мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек алғандығын, озық жабдықтар сатып алынатынын және дәрігерлер өздерінің шеберліктерін үнемі ел ішінде ғана емес, оның шегкарасынан тыс жерлерде де жақсарту мүмкіндігіне ие екенін атап өтті.Құзырлы органдар барған емдеу мекемелерінің арасында №2 қалалық аурухана және Астана қаласының балалар жұқпалы ауруханасы болды.№2 қалалық аурухана - елорданың ірі көпсалалы медициналық-диагностикалық мекемелерінің бірі. Жыл сайын 16 мыңнан астам науқас шұғыл және жоспарлы медициналық көмекке ие болады. Ауруханада тәулік бойы аурудың өткір түрлері, сондай-ақ қалыпты режим…
