Ақтөбелік жастарға әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін гранттар ұсынылды
Ақтөбе облыстық байланыс және ақпарат министрлігінде жастар корпусын дамыту бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған гранттық байқауға қатысу өтінімдері Ақтөбе жастарынан 20 мамырдан бастап қабылдануда. Әлеуметтік идеяларды іске асыруға арналған гранттың ең көп сомасы 1 млн. теңгені құрайды. Бұл жағдайда барлық әлеуетті қатысушылар тренингтерден өтеді. Грантты алғаннан кейін, жоба қатысушылары өнімдерді мұқтаждарға таратып, 6 ай тегін жүргізуі керек. Есесіне, жобаны ұйымдастырушылар жарты жылда 40-тан 60 мың теңгеге дейін стипендия төлейді. Грантты кітаптар жариялауға, ғимараттар салуға, діни мақсаттар үшін пайдалануға болмайды. Алайда, тұтастай алғанда, әлеуметтік жобаларды іске асыру бағыттарын таңдаумен шектелмейді, ең бастысы, жаңа бизнес ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетуі керек.
«Жоба 2017 жылы басталды, ал 1810 жас өз идеяларын жүзеге асырды. Биыл Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары қатысады. Байқауға мектеп оқушыларынан басқа, 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Биылғы жылы біз 3500 адамның қатысуын күтеміз, олардың ішінен 1000-нан астамы іріктеледі. Жұмыс істемейтін және оқымайтын қатысушыларға ерекше басымдылық беріледі», - деді жобаның үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким.
Мысалға, өткен жылы кішкентай ауылдан келген жастар грант қаражатына шағын наубайхана ашты, өйткені ауылда наубайхана болмады және қысқы айларда жолдардың жабылуына байланысты тұрғындар нансыз қалатын еді бұрындары. Жоба жастарды өз қалаларын, аудандарын, ауылдарын дамытуға, олардың әлеуметтік белсенді және жауапты болуына, қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыруға, жастармен жұмыс жасайтын мамандар пулын дайындайды және аймақтың жастар ұйымдарының әлеуетін арттыруға көмектеседі. Жобаға қатысу үшін тіркеу www.zhasproject.kz сайтында жүргізіледі.
