Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 362 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Тоқаев пен Әлиев Физули қаласының бас жоспарымен танысты

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты.Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының екінші күні Ильхам Әлиевпен бірге Физули қаласындағы қираған жерлерді аралап көріп, шаһарды дамытуға арналған бас жоспармен танысты.Мемлекеттер басшыларына қаланы және оның төңірегіндегі аумақтарды қайта қалпына келтіру үшін қолға алынған шаралар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ шаһардың жаңа келбеті: келешек әкімшілік орталықтың, саябақтың және басқа да маңызды нысандардың эскиздері мен жобалары көрсетілді.Бұдан бөлек, екі ел президенттеріне қазіргі уақытта қалада ауқымды құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды. Былтыр мамыр айында қала ішіндегі көшелер мен жолдар желісінің негізі қала…

0
0
264

Бектенов: "Өңірлердің басшылары инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдауы тиіс"

Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,2%-ды құрағанын мәлімдеді. Қаңтар айында көрсеткіш 3,9% болған.Нақты сектордағы оң динамика 5,1%-ға, қызмет көрсету саласындағы динамика 3,5%-ға жетті. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі ең жақсы өсімді көрсетіп отыр.Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады. Олардың көлемі құрылыста 2,7 есеге, білім беруде 56%-ға, көлік пен қоймалауда 47%-ға, ақпарат пен байланыста 45%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 37%-ға, ауыл шаруашылығында 12%…

0
0
271

Ильхам Әлиев Қазақстанмен қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті

Әзербайжан Президенті Жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысының тарихи мәніне тоқталды. Оның пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары мен Мемлекетаралық кеңес отырысының қорытындысы екі ел қарым-қатынасының алдағы күн тәртібін айқындайды. "Қазақстан мен Әзербайжан – бауырлас мемлекеттер. Халықтарымыз ғасырлар бойы тату, бауырлас ел ретінде ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Соңғы кездері біздің бір-бірімізге жасаған сапарымыздың жиіледі. Осыдан-ақ өзара қатынастардың қарқыны қаншалықты күшейе түскені айқын көрінеді. Біз Қазақстанның әр табысына қуанамыз. Сізді және бүкіл бауырлас Қазақстан халқын әлеуметтік-экономикалық және инновациялық даму жолындағы керемет жетістіктерімен құттықтағым келеді. Сонымен қатар біз екі елге ортақ жобалар туралы әңгімелестік. Мен Қарабақты қалпына ке…

0
0
359

Тоқаев Әзербайжанда жүр

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді.

Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті. t.me/aqorda_resmi

0
0
247

Арман Қырықбаев жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.Фото: egemen.kzОл соңғы жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі болып табылады. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 28 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі болып бастаған. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігі…

0
0
494

Ішкі істер министрі Президентке құқық бұзушылыққа төзбеушілік туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Ержан Сәденов:елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді;ведомство өз қызметі барысында Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады: – соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген; – ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған;құқық бұзушылықтың алдын алуға…

0
0
274

Қазақ-өзбек шекарасында рұқсат қағазын алу жеңілдейтін болды

Өзбек рұқсат бланкілерін беруді одан әрі оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің өзбекстандық рұқсат бланкілерін беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығының жобасы әзірленді.Пилоттық жоба биыл сәуір айынан бастап Атамекен, Б.Қонысбаев, Қазығұрт, Қапланбек және Тәжен өткізу пункттрінде кеден органдарының өзбек рұқсат бланкілерін электрондық түрде беруді жүзеге асыруды көздейді.Тасымалдаушыға «үшінші елдерге/елдерден» түріндегі рұқсаттарды беруге өтінішті қабылдау Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарымен CarGoRuqsat электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі арқылы ж…

0
0
278

Президент Сенат төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады.Мәулен Әшімбаев: Парламент Сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берді; Президенттің елімізді және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларының жүзеге асырылуы Сенат үшін негізгі басымдық саналатынын айтты; қазіргі уақытта әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қоны, байланыс және цифрландыру, ғылым және білім мәселелеріне қатысты заңдар сенаторлардың қарауында жатқанын жеткізді. Сенаторлар ғылым, сот жүйесін реформалау, органикалық өнімдердің айналымы, қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құ…

0
0
240

Тоқаев Ноғаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған.

Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
265

Мұнай өндіруді қысқарту мерзімі маусым айының соңына дейін созылмақ

Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін жазға дейін созады.

Бұл ОПЕК+ ұйымына қатысушы кейбір елдермен бірлесіп жасалып отырған шара. Мұны Энергетика министрлігі хабарлады.

Қазақстан маусым айының соңына дейін тәулігіне 1 млн 468 мың баррель қара алтын өндірмек. Мұндай шешім әлемдегі мұнай нарығының тұрақтылығын сақтау үшін қабылданып отыр. Жалпы ерікті қысқартуды Қазақстан былтыр сәуір айында жариялаған.

@qazaqstantv

0
0
266