Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Қазақстан мен Кипр сотталған адамдарды беруге уағдаласты

Бүгін Астанада Кипр Сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Келісімге Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов пен Кипрдің Сыртқы істер министрі Константинос Комбос қол қойды. Бұл халықаралық құжат қазақстандық азаматтарға Кипрде жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда тағайындалған жазаларын өз елімізде өтеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сотталғандарды олардың азаматтық қатыстылығы қоғамында оңалту және ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Кипрдің азаматтары да Қазақстанда сотталған жағдайда осындай мүмкіндікке ие болады. Мұндай түрдегі халықаралық келісімдерді жасасу Қазақстан Конституциясының 11-бабының талап…

0
0
283

Президент Астананың әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді: ➤ барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты. Былтыр тартылған инвестиция көлемі 1,6 триллион теңгені құраған; ➤ өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылған; ➤ өткен жылы JOLTAP жобасы аясында 6 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасқан. Ал биыл жұмыспен қамтылатын азаматтардың санын 2 есе ұлғайту, яғни 12 мың адамнан асыру жоспарланып отыр. Жалпы 2024 жылы 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген; ➤ былтыр күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясының…

0
0
267

Тоқаев Сакелларопулуге жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грек Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Катерина Сакелларопулуды және грек халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады."Бүгінде Грекия Еуропа Одағының белсенді елдерінің бірі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің әрі қарай қарыштап дамуына, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін. Қазақстан мен Грекия арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достықтан серпін алатын ынтымақтастығымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Келешекте елдеріміз арасындағы ықпалдастық және сан қырлы байланыстар ауқымы одан әрі ұлғая түсетініне кәм…

0
0
237

Президент Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады.

Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды.

Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
341

Қазақстан мен Қатар $17,6 млрд-тық инвестициялық жобаларды іске асыруға кірісті

20 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қатар мемлекетіне барды.Дохада Олжас Бектеновті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қабылдады. ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы сәлемі мен мен ізгі тілектерін жеткізді.Кездесу барысында қазақ-қатар қатынастары ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша және жоғары қарқынмен нығайып келе жатқаны атап өтілді. Биылғы ақпан айында өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөздер екі елдің ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге көтеруге деген өзара ұмтылысын растады.Сапар аясында Олжас Бектенов Қатар Премьер-Министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдурахман Әл Тәнимен шағын және кеңейтілген…

0
0
267

Президент Алматының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады.Ерболат Досаев Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады: ➤ биылғы екі айдың қорытындысы бойынша қала экономикасының қарқынды өскені, Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсімі 1,7 пайызға жеткен; ➤ жергілікті бюджетке түскен қаржы 55 пайызға, яғни 287,5 миллиард теңгеге дейін көбейген; ➤ негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді. 190 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім көрсеткіші 24,5 пайызды құраған; ➤ былтыр тамыз айында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау аясында мегаполисті полиорталық ретінде дамыту, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, құрылыстардың тығыз салынуын болдырмау және басқа да мәселелер бо…

0
0
309

Биыл елімізде 4 ауқымды жоба қолға алынбақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы мерекелік құттықтау сөзі кезінде биыл елімізде 4 ауқымды жоба қолға алынатынын жеткізді.Атап айтқанда, көптеген жылу орталығы және инженерлік желілер жаңғыртылады, 12 мың шақырым жол салынып, жөнделеді. Сонымен қатар 300 мың адам табиғи газдың игілігін көре бастайды және ауыл мен аудан тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспайтын болады. Ал жалға берілетін баспана саны бірнеше есе көбейеді."Мұның бәрі халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етері сөзсіз. Елге, халыққа арналған осындай игі шаралар міндетті түрде жалғасын табады. Баршаңызды бүгінгі Көктем мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болс…

0
0
230

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақырды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді. t.me/aqorda_resmi

0
0
324