Нұрлан Ноғаев қызметінен кетті
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен кетті."Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - деп жазды t.me/aqorda_resmi.Нұрлан Ноғаев 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.1996-2006 жылдары – "Қазақтүрікмұнай" ЖШС маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор. 2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры. 2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімін…
