Қазақстан аймақтағы цифрлық хабқа айналмақ
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бүгінгі Үкімет отырысында осы бағыттағы негізгі бастамаларды байланыс операторлары қаржыландыратынын айтты. Ұлттық жоба шеңберінде Цифрлық Жібек жолын дамыту үшін мынадай шараларды іске асыру көзделген:Каспий теңізінің түбімен ұзындығы 370 км оптика төсеу. Қазақстан мен Әзірбайжан байланыс операторларының инвестициялары 23 млрд теңгеден асады.Бүгін «Қазақтелеком» АҚ мен «Әзіртелеком» ЖШҚ арасында бірлескен кәсіпорын құрылып, су асты ТОБЖ жобалау және төсеу үшін мердігерді таңдау бойынша тендер аяқталуда. Қазақстан аумағы бойынша транзиттік трафикті ұлғайтуды көздейтін Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы. Транзит пен халықаралық трафикті сақтау үшін Tier-III деңгейінен төмен емес деректер орталығын салу.…

