Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Астанада Халықаралық балет әртістерінің конкурсы өтеді

Биыл қыркүйектің 10 мен 17 аралығында Астанада ІІІ Халықаралық балет әртістерінің конкурсы өтеді. Конкурстың құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы, соңғы жылдары Қазақстанның хореография өнерін дамытуға зор үлес қосып келе жатқан «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры» жеке қоры. ІІІ Халықаралық балет әртістері конкурсының Бас серіктесі – Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры. Шығармашылық сайыстың негізгі мақсат-міндеті – хореография өнерін дәріптеу; классикалық балет дәстүрін сақтау және дамыту; дарынды жас әртістерді анықтап, ынталандыру; Қазақстанның мәдени имиджін өсіру. «Конкурстар қоғам мүшелері мен әртістердің көңілін белгілі бір өнер түріне бұрып, нәтижесінде осы саладағы мол жетістіктерге куә боламыз. Біздің конкурс та осындай нәтиже әкелетініне…

0
0
395

Д.Назарбаева: 2016-2017 жылдарға арналған орта білім ұйымдарының мематтестациясы бір жылға шегерілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева орта білім беру мекемелерінде ішінара тексеру мен мемлекеттік аттестация өткізу мерзімін 2016/2017 оқу жылынан 2017/2018 жылға ауыстыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады ресми сайт. Кеңес барысында білім және ғылым министрлігінің өкілдері қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес мемлекеттік бақылау шаралары оның тиімділігін толық қамтамасыз етпейтіндігі туралы ақпараттандырды. Осылайша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге лицензияны тартып алу бойынша шаралар қабылданбайды, әкімшілік істер қозғалмайды, аттестациядан өтпеген бала бақшалар мен мектептер жабылмайды. Сондай-ақ кеңеске қатысушылар министрліктің бастамасымен жүргізілген экономикалық зерттеулер нәтижесінде негізгі назар білім ұйымдарының өзбетінше бағалауына аударылат…

0
0
457

Қазақстан мен Финляндия денсаулық сақтау саласында стратегиялық серіктестік бойынша меморандумға қол қойды

Медицниалық қызметтер мен медициналық білім беруді жетілдіру бойынша Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығы» атты дөңгелек үстелі барысында Қазақстан мен Финляндия денсаулық сақтау саласында стратегиялық серіктестік бойынша меморандумға қол қойды. «Орта медициналық қызметкерлер мен фармацевтерді даярлау мен қайта дайындау республикалық колледжі» РМҚК директоры Найля Рузденова, Астана әкімдігінің «Медициналық колледж» МҚКҚ директоры Ақбала Саржанова, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті басқармасының басшысы Аила Палониеми мен Lahti қолданбалы ғылымдар университеті басқармасының басшысы Кари Салми денсаулық сақтау саласы мен мейіргерлік істі дамыту бойынша өзара түсіністік пен стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Аталған құжат тараптардың келесі бағыттар бойынша ынтым…

0
0
386

Н.Назарбаев: Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестіктің үлгілі моделін құрды

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда-экономика, инвестиция, көлік-транзит, отын-энергетика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларының кең ауқымды мәселелері қаралды. Бұдан бөлек, екі мемлекеттің басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге жұмыс сапарымен келуге, сондай-ақ G-20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты. «Қытай ұйымға күрделі кезеңде төраға болды. Сіздер әзірлеген күн тәртібі дамудың қазіргі кезеңінде өте өзекті. Бүгінде G-20-ның экономикалық проблемаларға мән беруі бү…

0
0
446

В.Тельнов: «Нұрлы жол» может стать примером интеграции на саммите G-20 в Китае

Лидеры 27 государств 4-5 сентября 2016 года прибудут в китайский Ханчжоу на саммит G-20. По счету одиннадцатый саммит лидеров большой двадцатки сыграет важную роль в определении дальнейших путей развития экономики мира. По приглашению Председателя Китайской Народной Республики Си Цзиньпиня Глава государства Нурсултан Назарбаев примет непосредственное участие в мероприятии. Уже сегодня состоялась деловая встреча глав государств. Был рассмотрен широкий круг вопросов двустороннего сотрудничества. Своим мнением о роли предстоящего саммита в Китае и участии Казахстана в нем поделился политолог Владимир Тельнов. «Глава государства Нурсултан Назарбаев примет участие в Саммите G-20 в Китае. Основная повестка дня – это программа нового экономического переустройства мира. На саммите большое внимани…

0
0
208

Ханчжоуда Қазақстан мен ҚХР экономикалық бағдарламаларын ұштастыру жөніндегі жоспарға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қытай Халық Республикасына (Ханчжоу қ.) жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын және «Жібек жолының экономикалық белдеуін» салуды ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарына қол қойды, деп хабарлады ведомство. Құжатқа Қазақстан тарапынан Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, Қытай тарапынан – ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Сюй Шаоши қол қойды. Қазақстанның Қытаймен ынтымақтастығының стратегиялық сипатын және осы елдің инвестициялық әлеуетін ескере отырып, Жоспарды іске асыру екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсендендіруге және кеңейтуге мүмкіндік береді.…

0
0
278

Астанада 900-ден артық ақылы тұрақ орны жасалады

Елорда әкімдігі көлік жүйесінің сапасын жақсартуға бағыталған «Астана қаласының ұрақ кеңістігін басқару» жобасын қолға алды. Озық технологиялар алдымен Нұржол желегінде пайдаланылады. Әңгіме аумақты шлагбауммен жабу туралы емес. Бұл Қазақстанда енгізіліп жатқан мүлдем жаңа технология, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Сынақ жұмыстары барысында Нұржол желегінде 910 тұрақ орны жасалады. Әрбір тұрақ орны арнайы жол белгісімен және тетіктермен жабдықталады. Аумаққа кірген кезде жүргізушілер электронды таблодан бос тұрақ орындары туралы мәліметті көреді. Көліктік бақылау қызметінің өкілдері көлік қою ережесін бұзу жағдайларын автоматтандырылған фото және бейне құралдардың көмегімен тіркейді. Жүйе сынақтан өткізілгеннен кейін және халықты «Тұрақ кеңістігін басқару» жобасының іске қосы…

0
0
425

А.Мырзахметов Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер бойынша кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен өңірлердің ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерін талқылауға арналған селекторлық режимдегі отырыс кезегі Қарағанды облысына келіп жетті, деп хабарлады АШМ. Жаңа форматтағы бұл үрдіс Жамбыл облысының мәселелерін талқылаудан басталған болатын. Яғни, еліміздің барлық өңірлерінен агроөнеркәсіптік кешеннің көкейкесті проблемалық мәселелері жинақталып, олардың негізінде арнайы кесте түзілді. Қазіргі таңда сол реттілікке сәйкес бейнеконференциялық байланыс арқылы мүдделі тараптардың қатысуымен әр аймақтың агросаладағы түйткілдері жеке дара қаралуда. Бұған дейін атап өтілгендей, бұл шаралардың басты мақсаты – мәселелерді көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен…

0
0
628

Білім күні Ақмола облысында 4 жаңа мектептің есігі айқара ашылды

Білім күні Ақмола облысында 4 жаңа мектептің есігі айқара ашылды.Жаңа 910 орындық мектептің ашылуына облыс әкімі қатысты,деп хабарлады облыс әкімдігі. Щучье қаласында жаңадан салынған мектептің ашылуына қатысқан облыс əкімі Сергей Кулагин бұл жақсылыққа 25 жылдығын тойлап жатқан еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қол жеткізілгенін айта келе, 1 қыркүйек - білім күні осында жиналған ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды қуаныштарымен құттықтады. «Елбасының Н.Назарбаевтың мемлекеттік саясатының арқасында елімізде білім беру саласына зор көңіл бөлінуде. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде облысымызда 41 мектеп пайдалануға берілді. Бір ғана «Балапан» бағдарламасының арқасында облыс аумағында 337 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылып, 21 мың бүлдіршін орынмен қамтамасыз етілді. Бүгін тәуел…

0
0
564

Мәскеуде ядролық қаруға қарсы Қазақстанның бастамаларын талқылады

Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде «Ядролық қарусыз әлем үшін 25 жыл бойы күрес: Семей сынақ полигонынан бастап, «Әлем. XXI ғасыр» Н.Ә.Назарбаевтың манифесіне дейін» атты тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады ҚР-ның Ресейдегі елшілігі. Іс-шараны Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Ресейлік саяси орталары конференцияға қызығушылықпен қатысты: оған РФ Мемлекеттік Думаның депутаттары, екі серіктес елдің әскери ғылым орталарының, сараптамалы-зерттеу және қоғамдық ұйымдарының өкілдері, және саясаттанушылар мен белгілі журналистер қатысты. Конференция барысында қатысушылар «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің ережелерімен, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қауі…

0
0
449