Австрия Павлодар облысының кәсіпорындарына қондырғы жеткізуге ниетті
Павлодар облысының әкімі Малайзияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дато Хидаят Абдул Хамид пен Австрия елшілігі сауда бөлімінің басшысы Михаэль Мюллерді қабылдады. Тараптар екі жақты ынтыақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігі. Малайзия дипломатын қабылдау кезінде Болат Бақауов Павлодар облысы мен Малайзия арасындағы сауда айналымында импорт басым екендігін атап өтті. «Сіздің өңірімізге жасаған сапарыңыз өзара тиімді әріптестіктің бастауы болады деп үміттенемін», - деді аймақ басшысы. «Біздің облысымызда орналасқан экономикалық аймақта инвесторлар үшін тамаша мүмкіндіктер бар. Олар 2036 жылға дейін салықтан босатылады. Өңіріміздің Ресей Федерациясымен шекаралас болуы да экономикалық жағынан аса тиімді». Өз кезегінде елші малайзиялық бизнес кеңесшілер қона…
