М. Құл-Мұхаммед: Батыс Қазақстанда агробизнесті дамытуға барлық жағдай жасалған
Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары өңірде маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысымен танысты, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі. Мемлекеттің қолдауымен ісі өрге басқан қос шаруа қожалығында және жиһаз фабрикасында болып, еңбек ұжымымен кездесті. Президенттік бағдарламамен бой көтерген баспана құрылысын тексеріп, Батыс аймағындағы белсенді партия мүшелелерінің алдына болашақта жасалуы тиіс жұмыстардың басым бағыттарын айқындап берді. 2016 жылы Батыс Қазақстан облысында агробизнесті дамытуға республикалық бюджеттен 7 миллиард теңге бөлінген. Мұхтар Абрарұлы мемлекеттің қомақты қаржы жұмсауының тиімділігін «Матевосян» және «Шканов» шаруа қожалығының мысалында бағалай алды. «Нұр Отан…
