Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Қазақстан Республикасының Бас прокуры мен Әділет министріне жолданады!

«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Болат Керімбектің Премьер-Министр Олжас Бектеновке қоғамдағы мәселелерге өз бетінше шешім шығарып жүрген адамдарға қатысты жолдаған депутаттық сауалы.Құрметті Берік Ноғайұлы!Құрметті Азамат Несіпбайұлы!Кемеңгер Абай кезінде аузымен орақ орған пысықайларға қарата «Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын» деп, оларды қатаң сынаған еді. Өкінішке қарай, соңғы кезде елімізде осындай өзін-өзі сайлап алған жалған «билер» жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап өсіп, көбейіп кетті. «Қазақ билері», «Қазақ билер алқасы» секілді атаулармен құрылған түрлі рулық-жүздік қоғамдық ұйымдар қаптады. Тіпті, ресми тіркелмей-ақ өз алдына оңаша отау құрып, би болып жүргендер де жетерлік. Бұдан бөлек, ат төбел…

0
0
188

"Жаңашылдықтан да зауал бар..."

  XIX-XX ғасырларда бірқатар  қазақ жазушылары мен көзі ашық азаматтары өз заманында қозғап кеткен “әйел теңдігі” тақырыбы бүгінде ушығып тұр десе болады. Олай болуының себебі бұқара халықтың бұрыс түсінігінде. Қазіргі қоғамдағы “феминизм” ұғымы  – нәзік жандылардың құқығы ерлермен теңесуге талпынуы болып саналады. Яғни, құқықтары бір сатыда теңдей тұруы керек. Алайда таразыны қақ ортада ұстап тұру ауыр жүк. Екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Адами құндылықтарды көптеп қажет етеді. Оның үстіне бір жағының басым түсуіне түрлі факторлар септігін тигізбей қоймайды.   “Әйел теңдігі” қозғалатын шығарманың бірі – “Ұлпан” романы. Жазушы Ғабит Мүсірепов туындысын өмірден алынған оқиға ретінде баяндайды, және сөз соңында марқұм Ұлпан анамыздың бейітіне қойылған құлп…

0
0
245

Маңғыстаулық өнерпаздар жалпыхалықтық рефрендумды қолдады

Маңғыстау облыстық АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Н. Жантөрин атындағы өңірлік музыкалық-драма театрының ұжымымен кездесіп, бейбіт атом қуатын экономика игілігіне бағыттаудың басымдықтары, халықтың әлеуметтік әлеуетіне оң әсері жөнінде пікір алмасты. «Еліміз бойынша халық тығыз қоныстанған шығыс пен оңтүстік өңірлерде электр қуатынының жетіспеушілігі белең алуда. Тіпті былтыр біздің өңір Маңғыстауда қыста жылумен жабдықтау желілеріндегі апаттар салдарынан біршама қиындықты бастан өткердік. Себебі «МАЭК» энергетикалық комбинаты 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмей әбден тозығы жеткен. Мұндай көрініс еліміздің көптеген өңірлерінде қалыпты жайт. Сондықтан мемлекеттік деңгейде электр қуатын өндіретін кәсіпорындар салу керек деген шешім шықты. Осы тұста күн мен жел энерг…

0
0
161

АЭС құрылысының экологиялық аспектілері

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «АЭС құрылысының экологиялық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы аясында берілген тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Дөңгелек үстелге университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, ғалымдар, студенттер қатысты.  Іс-шара барысында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы кезіндегі экологиялық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.Қатысушылар АЭС-тің қоршаған ортаға әсері, ядролық қалдықтарды басқару, климатқа әсері және қауіпсіздік шаралары туралы маңызды мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар, Қазақстандағы атом энергетикасының болашағы мен халықаралық тәжірибе мысалдары қарастырылды. Жаһандық энергия тапшылығының өсуі атом энергетикасын дамытуд…

0
0
126

Жартыжылдық қорытындысы: экологияны қадағалау, қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау

2024 жылдың алты айында Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі гидрометеорология қызметін жаңғыртуға және 2 млрд ағаш отырғызуға бағытталған бірқатар негізгі жобаны жүзеге асырды.Еліміздің күрт континенттік климаты жағдайында климатқа болжамдардың дәлдігін арттыру және қоршаған ортаны қорғау үшін жаңа шаралар әзірленіп, енгізілуде. ҚР ЭТРМ қызметінің бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері туралы – PrimeMinister.kz. сайты редакциясының шолуынан оқи аласыздар.Экологияны қадағалау және гидрометеорология қызметін дамытуБиылғы бірінші жартыжылдықта Экология министрлігі 489 экологиялық тексеру жүргізді. 1331 экология заңнамасын бұзушылық анықталып, 860 ұйғарым жасалды. Нәтижесінде 40 млрд теңгеден астам сомаға 1022 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 13,3 млрд теңгеге…

0
0
147

Жартыжылдық қорытындысы: ұлттық заңнама және әділеттің цифрлық трансформациясы

2024 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ұлттық заңнаманы дамытуға, азаматтар құқығын қорғауға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен автоматтандыруға арналған түрлі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді. ҚР Әділет министрлігінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарып жатқан жұмысы туралы – PrimeMinister.kz сайтындағы шолудан оқыңыз.Норма шығармашылығыҚР Әділет министрлігі ұлттық заңнаманы қалыптастыруға белсенді атсалысып, 102 заң жобасына құқықтық сараптама және сүйемелдеу жүргізді, оның 20-сына Мемлекет басшысы қол қойды. Негізгі заңдардың ішінде:- Органикалық өнім өндірісі мен айналымы туралы;- Әйелдер құқығы және балалар қауіпсіздігі туралы;-Жаңартылатын энергия көздерін және электр энергетикасын пай…

0
0
383

Еліміздің газы көрші мемлекеттерге көптеп ұрланып жатыр

Қазақстанда алынатын сұйытылған мұнай газы шет елдерге заңсыз әкетіліп жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында осыны айтты.Фото: azh.kzБектенов осыған байланысты тиісті орындарға заңсыз экспорттың жолын кесетін жұмыстарды күшейтуді тапсырған.Қазір елде бұл газды автокөлікке отын етіп пайдалану көлемі артқан. Ол алда да арта түсуге тиіс. Сондықтан бұл өнімнің есебін әрдайым біліп отырған жөн. Үкімет басшысы осыны да алға тартты.Премьер-министрдің айтуынша, бізде сұйытылған газдың бөлшек сауда бойынша бағасы Қырғызстанға, Өзбекстанға және Ресейге қарағанда екі есе төмен. Оның сыртқа көптеп ұрлануына осы жағдай себеп екен.«Бағаның төмен болуы ірі көлемде сұйытылған газдың шектес елдерге заңсыз шығарылуына әкеп соқты. Мен бұған дейін тиісті мемлекеттік органдарға сұ…

0
0
418

БАӘ-мен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріледі

🇰🇿Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне БАӘ өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты.Мемлекет басшысы еліміз БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен декларация аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударылды.Сонымен қатар энергетика және көлік-логистика, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.t.me/aqorda_res…

0
0
404

Еліміздің батысында халықаралық әскери оқу-жаттығу басталды

Маңғыстау облысында бүгін басталған «Бірлестік-2024» аймақтық халықаралық оқу-жаттығуына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжанның әскерилері қатысуда. Фото: gov.kzСоғыс ойындары бес ел жауынгерлерінің қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, соны жүргізуді пысықтауына арналмақ. Оларды «Оймаша» полигоны мен Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз аумағында өткізу жоспарланған. «Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылады. Тактикалық эпизодтар жердегі және әуедегі барлау топтарының, теңіз арнайы күштерінің, армиялық және майдандық авиация экипаждарының, әскери кемелер мен катерлердің, артиллериялық есептоптардың, шабуылдаушы және танк бөлімшелерінің қатысуымен өтеді», - делінген Қорғаныс…

0
0
532

Путинді Бектенов қарсы алды

Ресей президенті Владимир Путинді Астана әуежайында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд болды. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі - $19,1 млрд. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы - $7,4 млрд.

https://t.me/KZgovernment

0
0
477