Қазақстан діни бірлестіктерінің міндеті қоғамның руханиятын арттыру болып саналады – Ермекбаев
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жаңа қызметіндегі екінші ресми кездесуін өткізді. Осы жолы ол Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды қабылдап, мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар діни бірлестіктердің осы саладағы жұмысына тоқталды. Астана және Қазақстан Митрополиті Александр еліміздің дін саласындағы қазіргі саясатын тілге тиек етіп, жаңа министрліктің ол саясатты жалғастыра беретініне сенім білдірді. «Бүгін мен жаңа министрмен таныстым. Кездесу кезінде біз дін саласындағы бірқатар мәселелерді талқыладық. Шыны керек, бүгінде Қазақстандағы дінаралық келісім мен ұлтаралық достық көптеген мемлекеттерге үлгі болып отыр. Бұл – талай жылдар бойы қалыптасқан қоғамдық қарым-қатынас моделі. Көрші…
