Н.Нығматуллин: Заң — қоғамның талаптарына сай болып, террористік қауіпке қарсы тұра алуы керек
Заң - қоғамның талаптарына сай болып, террористік қауіпке қарсы тұра алуы керек, деді бүгін өтіп жатқан «Қазіргі замандағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу және бұлтартпаудың заңды және институционалдық шаралары» дөңгелек үстелде, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин. Н. Нығматуллиннің айтуынша, соңғы кездегі болған оқиғалар экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға, сондай-ақ миграциялық процестердегі қару-жарақ айналымына қатысты қолданыстағы заңнама жетілдіруді қажет етеді. Мұнымен қоса, Мәжіліс спикері депутаттар мен Мәжіліс қарауына түсетін заң жобаларын кеңінен талқылау қажет екендігін баса айтты. Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы терроризм және экстремизм туғызатын себептерді жоюдың маңыздылығын атады. Қазіргі экстремистік және террористік белгілерге құқықтық әрек…
