Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық нығайтылуда
Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенді қабылдады ➤ Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының аясында Франция сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен, Франция Ұлттық ассамблеясы шетелдік істер жөніндегі комиссиясының президенті Бруно Фукспен, сондай-ақ EDF, SUEZ және Sanofi компанияларының жетекшілерімен кездесті. Президент Франция Қазақстанның Еуропа Одағы елдері арасындағы негізгі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Соңғы жылдары екіжақты сауда көлемі және елімізге келетін француз инвестициясы ұдайы артып келеді. Бұл экономикалық байланыстарды нығайтуға тараптардың ортақ ұмтылысын байқатады. Мемлекет басшысы осындай оң динамиканы сақтау қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев 17 келісімге қол қойылған қазақ-француз б…
