Оралда Қазақстандағы мейіргерлік істі дамыту мәселелері талқыланды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Батыс Қазақстан Жоғарғы медициналық колледжінде ҚР ДСӘДМ, БҚО білім беру және денсаулық сақтау саласы басқармалары өкілдерінің, облыстағы медициналық ұйымдары бас дәрігерлерінің, Қазақстан мен Ресей медициналық колледждері оқытушылары мен басшыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы мейігерлік білім беруді жаңғырту» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шара аясында заманауи денсаулық сақтау жүйесін құрудағы мейіргерлік іс мамандарының атқаратын қызметі мен ролі, орта медициналық қызметкерлерді дайындау мен қайта даярлау жүйесіне дуальді білім беруді енгізу мәселелері қарастырылып, практикалық денсаулық сақтау мен мейіргерлік білім беру ісінің өзара ықпалдастығы, соны…
