Астана мен Ташкент сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған Үкімет делегациясы Ташкент қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты. Сапар барысында Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен, Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимовпен, Премьер-Министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен және сыртқы экономикалық байланыстар және сауда министрі Эльдор Ганиевпен келіссөздер жүргізілді. Ш. Мирзиеев Өзбекстан халқының және жеке өзінің атынан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғысын білдірді. «Қиын күндері Нұрсұлтан Әбішұлы біздің, өзбек халқының жанынан табыла білді. Біз бұл үшін оған өте ризамыз. Қазақ халқы – біздің сенімді, шынайы әрі жақын досымыз», - д…

