Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Ато Браунмен кездесті.
Екі күндік ресми сапары барысында Ато Браун Ақтөбе қаласында өтетін «AktobeInvest - 2016» IV халықаралық инвестициялық форумына қатысады, деп хабарлайды аймақ әкімдігінде.
«Мемлекет басшысы халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу есебінен экономикаға қосымша қаражат тарту бойынша тапсырма берді. Осыған орай, Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытамыз және ол әлем экономикасында Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі болып табылады»,-деді Б.Сапарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік банктың қолдауы арқасында облыстың аумағында жоба іске асырылды және ол аймақта көліктік-логистикалық әлеуетті жақсартуға көмектеседі.
Қазіргі күні бірлесіп «Орталық-Батыс» өңірлік жол дәлізі дамуының жобасын дайындауда және ол Ақтөбе облысын тікелей Астана қаласымен біріктіретін болады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің қолдауымен бірнеше салаларда институционалдық әлеуетті көтеру бойынша жобалар іске асырылуда.
Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі ұйымның болашақта ынтымақтасуға дайын екендігін айтып өтті.
«Біз Қазақстан Үкіметімен жұмыс істеуді асыға күтеміз және Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде республиканың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Экономиканы дамыту және басқа да салаларда ынтымақтасуға ниеттіміз. Соңғы кездері Ақтөбе облысына нақты назар аударып жүрміз»,-деді Ато Браун.
Сондай-ақ, Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі ынтымақтастықты өзектендіруге байланысты, Ақтөбе облысын әр жарты жылда бір рет барып тұруға ниеттерін білдірді.
Ақтөбеге келген қонақтар бұл күні экологиялық таза өнім өндірумен айналысатын өңірдегі кәсіпорындардың өндірісімен танысты. Атап айтқанда «Молочные истории» ЖШС ет комбинаты, шошқа етін өндіретін кешен «Парижская Коммуна ХХI» ЖШС, ет консервілерін шығаратын «СПК Айбек» ЖШС және көкөніс өсіретін жылыжай кешені «IzetGreenhouse» ЖШС барды.
Бұдан өзге олар мұнай өнеркәсіпті жабдықтарын өндіретін Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты АҚ, «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС, «Каспий Плюс» ЖШС зауыты, сондай-ақ, Ақтөбенің индустриалды аймағы секілді заманауи өндірістік кәсіпорындарды қарап шықты.
Ақтөбеде өткен форумға барлығы 500 астам қонақ шақырылды. Олардың қатарында ҚР Үкіметінің және квазимемлекеттік сектордың өкілдері, Францияның, Иран Ислам Республикасының, Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы өкілетті елшілері, сонымен қатар Ресей, Қытай, Түркия, Польша, Словакия, Голландия және өзге де елдердің өкілдері бар.
Өңір басшысы Иран Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилумен кездесті. Ақтөбелік тарап ирандықтарға геология, түсті және қара металлургия саласын дамытуды ұсынды.
Сонымен қатар, өткен жылы бидай, арпа сатып алып, сапасына жоғары баға берген шетелдіктерге биыл мол шыққан астықты тасымалдау жоспарда бар. Тіпті, ірі қара мен қой жеткізуге Ақтөбенің мүмкіндігі жетеді.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz