2016 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік сатып алу жоспары 3,30 трлн теңгені құрады
2016 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары 3,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде 1,2 трлн теңгенің келісім шарты жасалды. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. «Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, әрбір облыста мемлекеттік сатып алу және «Самұрық-Қазына» АҚ компания тобын сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жұмыс комиссиясы құрылды. Барлық жұмыс комиссиясында мемлекеттік сатып алу саласында облыс әкімдерінің орынбасарлары сатып алуды қадағалап отырады»,-деді ол. ҰКП басшысының айтуынша, 2016 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары 3,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде 1,2 трлн теңгенің келісім шарты жасалды. «Шын мәнінде 286 млрд сома пайдал…
