ҚР СІМ: Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты
Мемлекет басшысының стратегиялық болжамы мен дипломатиялық талантының және оның шет мемлекеттердің көшбасшыларымен сенімді қарым-қатынасының арқасында қазақстандық дипломатия әлемнің барлық елдерімен өзара қарым-қатынастың сенімді жүйесін құрды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. «Тарихи өлшеммен алғанда, осы қысқа кезең ішінде Қазақстан сыртқы алаңда маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Біз өзіміздің халықаралық аренадағы субъектілігімізді біржолата бекіттік, әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық, негізгі халықаралық ұйымдарға кірдік. Құрлықтағы мемлекеттік шекараларымызды толық белгіледік, еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестер локомоти…
