Алматыда ТМД елдерінің бас салықшылары бас қосты
Алматы қаласында ТМД қатысушы-елдердің салық органдары басшыларының үйлестіруші кеңесінің (ТМД СОБҮК) XXIII отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. Отырысқа салық органдары басшыларының бастауымен Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Молдова делегациялары, ТМД Атқарушы комитеті мен ТМД СОБҮК Базалық ұйымы – «Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржылық университет» өкілдері қатысты. Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Грузия Қаржы министрлігі Кірістер қызметінің делегациясы шақырылды. Жиынның жұмысына қатысушылардың алдында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек сәлемдеме сөз сөйледі. Ол салықтық әкімшілдендіру саласындағы құзыретті мемлекеттік органдардың тиімді өзара қарым-қатынасына бағытталғ…
