Сенат ЖОО сапасын жұмысқа орналастырылған түлектердің саны бойынша бағалауды ұсынады
Түлектерді іс жүзінде жұмысқа орналастыру көрсеткіші Қазақстандағы ЖОО жұмысын бағалау критерийлерінің бірі болуы тиіс, деді ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету тақырыбына өткен дөңгелек үстел барысында. Қасым-Жомарт Тоқаев «2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің жолдауы тұрғысынан жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» тақырыбына өткен дөңгелек үстел барысында жұмысқа орналастырылмаған қазақстандықтардың жалпы санының 38%-ын құрайтын жастардың жұмыссыздығы проблемасына назар аударды. «Әсіресе бұл жұмыс тәжірибесі мен тиісті дағдыларының болмауына байланысты, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі анағұрлым аз ЖОО түлектеріне қатысты. Бұл жерде білім беру жүйесінің еңбек на…
