Жамбыл облысында Еврей мәдениетінің күндері өтті
Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасының шеңберінде еврей мәдениетінің күндері болып өтті. Оны аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен «Шиват Цион» еврей мәдени орталығы ұйымдастырды. ушылар ымен Оқушыларды еврей халқының мәдениеті мен Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесмен таныстырды. Байзақ ауданының жас жеткіншектері алдында «Шиват Цион» Жамбыл облыстық еврей мәдени орталығының төрайымы Людмила Корнилина, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева мен аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Махан Махамбетов сөз сөйлеп, берекелі елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтап қалу үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор екенін атап өтті. Бүгінде облысымызда 100-ге жуық өзге ұлт өкілдері тұрып ж…
