ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне сайлануы елдің мәртебесін көрсетеді - Я.Пейшэн
ҚР-ның 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы елдің мәртебесін көрсетеді , деді Астанадағы «Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті» саясаттанушылардың халықаралық конгресінде Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің елшісі Яо Пейшэн. ««Әлем. XXI ғасыр» Манифесті - жауапкершілгі мол елдің дауысы. Елбасы Н.Назарбаев әлемдегі болып жатқан жағдайларды бағалап қана қоймай, олардың салдарына жауап қайтару жолдарын іздейді. Ол жердегі қауіпті тенденцияларды айтып өтті. Бізді әлемде кейбір мемлекеттердің дағдарыстан екістандарттық саясатты қолданып жатқаны алаңдатты. Олардың кесірінен әлемде қанша ана мен бала қаза тапты», - деді ол. Сарапшының айтуынша, манифест Қазақстан көшбасшысының стратегиялық ойлауын көрсетіп отыр…
