Словакия Қазақстанды сенімді әріптес ретінде санайды
Словакия Қазақстанды негізгі әріптес ретінде санайды және сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуге дайын, деді Словакия Республикасының сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчак Қазақстанның Чехия мен Словакиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімовпен Братиславадағы кездесу барысында. ҚР СІМ хабарлағандай, келіссөздердің мақсаты екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-ізгілікті қарым-қатынастардың жай-күйі мен болашағын талқылау, сондай-ақ 2016 жылғы қарашаның басында Словакияның СІМ басшысының Астанаға ресми сапарына дайындық мәселелері болды. Қазақстандық дипломат министрді Братиславаның Еуропалық Одақ Кеңесінде сәтті төрағалық етуімен құттықтап, ел үкіметінің ЭКСПО-17 халықаралық көрмесіне қатысу туралы шешімі үшін және Словакия Парламентінің ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік ж…
