ШҚО-ның қоғамдық көліктері 9,6 млрд теңгеге жаңғыртылады
«Altai Invest-2016» халықаралық форумында Өскемен мен Семей қалаларындағы қоғамдық көліктерді модернизациялау бойынша алдын ала келісімдерге қол қойды. Аталмыш жобалардың жүзеге асырылуы - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы. Еуропалық қайта құру және даму банкі тарапынан Шығыс Қазақстанның екі ірі қаласына қауіпсіздік талаптарына сай жайлы, заманауи автобустарды сатып алуға несиелік қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, жобаның аясында автокөліктердің қозғалыстарын диспетчерлік және GPS бақылау, электронды төлем жүйесін енгізу үшін арнайы қондырғыларды сатып алу көзделіп отыр. Банк бөлген 9,6 млрд теңгенің 5,1 млрд теңгесі Өскемен қаласына, 4,5 млрд теңгесі Семей қаласына арналған. Қолға алынған жоба қоғамдық көліктерде электронд…
