Қазақстанда 14 жыл ішінде денсаулық сақтау саласының 320 мыңнан астам маманы өз біліктілігін арттырды
2002-2015 жылдар аралығында Қазақстанда біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында денсаулық сақтау саласының 330 466 маманы (2002 жылы –9500, 2015 жылы – 47 512), оның ішінде 2572 адам шетелде оқытылды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мамандарды шетелде даярлау 2005 жылы басталды. Осы уақыт аралығында қазақстандық мамандар диагностикалаудың жаңа әдістері мен кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, гематология, акушерлік және гинекология, педиатрия, фтизиатриядағы және т.б. жаңа емдеу тәсілдерін үйренді. Денсаулық сақтау жүйесінде жылдан жылға жаңа технологиялар енгізіліп, жаңа дәрілік заттар мен жабдықтар жасалуда. Сондықтан, мамандарды оқыту сапасына, оның ішінде қосымша білім беру бағдарламаларына деген талап артып келе…
