Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Қазақстанда қаһарман қызметкерлердің есімін мәңгілеу: ел тыныштығы үшін

«Осы орайда, мен мекемелік наградаларға қызмет бабында қаза болған қаһармандардың есімін беру мәселесін қарастыруды ұсынамын. Сондай-ақ көшелер мен құқық қорғау мекемелерін батырлардың атымен атауға болады. Мұндай тәжірибе елімізде бұрыннан бар. Лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың есімі Тараздағы орталық көшелердің біріне берілді. Сондай-ақ қаладағы оқу-жаттығу полигоны да батырдың атымен аталған. Таяуда оның өмірі мен ерлігі туралы «Капитан Байтасов» атты көркем фильм көрермен назарына ұсынылмақ. Өрт сөндіру кезінде опат болған Асқар Забикулин де елдің есінде. Астанадағы Өрт сөндіру бөліміне және сол бөлім орналасқан көшеге оның есімі берілді. Бұл азаматтарды нағыз бейбіт күннің батырлары деуге болады. Олар ақтық демі қалғанша антқа адал болды, қ…

0
0
106

Қазақстанда заң мен тәртіп: Мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту жолдары

«Әрине, құқық қорғау мекемелерінің жұмысында ешқандай қателік немесе жетіспеушілік жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ қара бұлтты төндірудің де қажеті жоқ. Бәріміз бір ел, бір халық болып Қазақстанымыз үшін қызмет етіп, табанды жұмыс істеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ ұлттық парыз, азаматтық борыш. Қазақстан қауіпсіз, заң мен тәртіпке бағынатын ел болуы керек.

Сондықтан менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі бір аптаның ішінде Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек. Барлық түйткілдерді ашық түрде көрсетеді, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Бұл – өте маңызды жұмыс, оны жалғастыру қажет. Түптеп келгенде, біздің басты бағдарымыз – айқын. Бұл – заң мен тәртіп қағидаты. Қызметтеріңізге табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi

0
0
117

Қасым-Жомарт Тоқаев «Эгмонт» тобының төрағасымен қаржылық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. ➤ Қасым-Жомарт Тоқаев: – жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде «Эгмонт» тобының маңызы зор екеніне назар аударды; – Қазақстанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады; – заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді. ➤ Эльжбета Франков-Яскевич: – Қазақстанда жүргізіліп жатқ…

Тоқаев Люксембург Ұлы Герцогіне Ұлттық күнмен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің Ұлттық күніне орай Ұлы Герцог Анриге құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы құттықтауында Люксембург халқының бірлігі мен ортақ мұратын, сондай-ақ елдің қаржы, цифрлық инновация мен жасыл технологиялар салаларындағы елеулі табысын паш ететін аталған мейрамның символдық мәніне назар аударды.

Қазақстан Президенті Ұлы Герцог Анридің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Люксембург халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

0
0
111

Мәжіліс пленарлық отырысы: 2024 жылғы республикалық бюджет және қаржылық қауіпсіздік

https://www.youtube.com/live/qQiYjcVBIsM?si=cLr2czZOPG9LEsVF

0
0
154

Қазақстан Орталық Азияда бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді

Оның пікірінше, бұл теңқұқылы серіктестік, ортақ игілік пен өзара құрмет қағидаларына толық сай келеді. Мемлекет басшысы аталған ұстанымдар бүгінгі Саммит қорытындысы бойынша қол қойылатын «Мәңгі тату көршілес, достық пен ынтымақтастық туралы шартта» көрініс табатынына сенім білдірді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Орталық Азияның бейбітшілік, орнықты қауіпсіздік пен өнімді ықпалдастық мекені болғанын қалайды. Еліміз діни экстремизммен, терроризммен, сепаратизммен, есірткі тасымалдаумен, заңсыз қару-жарақ саудасымен, рұқсатсыз көші-қонмен және адам саудасымен ымырасыз күресті жалғастыруға әзір. Халықаралық киберқылмыстың өршуі айрықша назар аударуды талап етеді. Осыған орай Президент салалық ведомство басшылары арасында тұрақты байланыс орнатуды ұсынды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
178

Орталық Азия мен Қытайдың стратегиялық ынтымақтастығы: Саммиттегі маңызды кездесу

Президенттің пікірінше, бүгінгі Саммит елдеріміздің тату көршілік қатынасты, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты дамуға мүдделі екенін растады. Мемлекет басшысы жиын барысында айтылған ұсыныстар мәңгі достық пен стратегиялық серіктестікке берік негіз қалайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ ортақ күш-жігер жұмылдырудың нәтижесінде «Орталық Азия – Қытай» форматын институттандыру ісі табысты жүзеге асқанын атап өтті.

t.me/aqorda_resmi

0
0
160

Ұлттық Құрылтайдың үш жылдық жұмысы: Қазақстан қоғамын дамытудың негізгі бастамалары

Бүгін Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор ықпал етіп келе жатқан маңызды институттың бірі – Ұлттық құрылтайдың құрылғанына үш жыл толды. Құрылтай құрамы үнемі жаңартылып отырады. Оның қатарында Парламент депутаттары, саяси партиялардың, білім, ғылым, мәдениет, бизнес, медицина, спорт, адам құқығын қорғау саласындағы ірі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері, жас көшбасшылар және белсенді азаматтар бар. Ұлттық құрылтай осы уақыт ішінде Қазақстан қоғамын ортақ мақсатқа жұмылдыруға арналған бірегей идеялар мен стратегиялық қадамдар ұсынатын ең басты институтқа айналды. Құрылтай мүшелері осы құрылымның бұған дейінгі төрт отырысы мен жұмыс кездесулерінде көптеген бастама көтерді. Оның басым бөлігі орындалды. Құры…

0
0
303

Ұлттық Құрылтай: Қазақстанның 2029 жылға дейінгі даму жоспары

Бұған қоса, қазір тағы 5 заң жобасы, атап айтқанда: Археология саласына қатысты; Арнайы қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы; Ғылым қалашықтарын құру туралы; Коммерциялық емес ұйымдар туралы; Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң жобалары Оларды да қабылдау жоспарланып отыр. Ұлттық құрылтай ел дамуына қатысты ұзақ мерзімге арналған күн тәртібін қалыптастыратын маңызды құрылымға айналды. Атап айтқанда, Үкімет Құрылтайдың үшінші отырысының қорытындысына сәйкес 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылым жоспарын бекітіп, жүзеге асырып жатыр. Ал құрылтайдың 4-ші отырысында Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейінгі ел дамуының бес басым бағытын айқындап берді. Бұл – цифрландыру және жасанды интеллект, көлік және транзит, энергетика, агроөнеркәсіп секторы және адам кап…

0
0
128