Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.

t.me/aqorda_resmi

0
0
127

Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының бас директорымен кездесті

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды. ➤ Қасым-Жомарт Тоқаев: – ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді; – аталған компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады; – мұнай-газ саласындағы бірлескен қызмет аясында көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды; – еліміз корпорациямен ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі екенін айтты. ➤ Даррен Вудс: – Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорц…

0
0
143

Конституция күніне орай ұсынылған амнистия заң жобасы

https://www.youtube.com/live/3Mc9ovh34hQ?si=ac3n7Yc3dq52V02M

Депутаттар «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарайды.

Депутаты рассмотрят проект закона «Об амнистии в связи с тридцатилетием Конституции Республики Казахстан». Законопроект разработан…

0
0
165

Тоқаев Португалия президентін мемлекеттік мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
121

Тоқаев Шахбаз Шарифпен Құрбан айт мерекесі қарсаңында телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті.

➤ Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі бір-бірін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

➤ Әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен алдағы перспективасы талқыланды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
110

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрімен кездесіп, армияның дамуы бойынша нұсқаулар берді

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады

➤ Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады.

➤ Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
113

Қазақстан мен Иран Президенттері Құрбан айт қарсаңында телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

✔️ Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.

✔️ Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
122

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде киберқорғаныс жобаларын қарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
140

Болгария Президенті Румен Радев Қазақстанға ресми сапармен келеді

8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
122