Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 362 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

ОҚО-ның Сайрам ауданында 25 жылда ЖӨӨ көлемі 23 есеге өсті

ОҚО-ның Сайрам ауданында 25 жылда ЖӨӨ көлемі 23 есеге өсті. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Айтуынша, ауданда егемендік алған жылдары жалпы өңірлік өнім 3,8 млрд. теңгеден 90,3 млрд. теңгеге өсіп, жан басына шаққанда 449,3 мың теңгеге жеткен. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы десек, 1991 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 224,8 млн. теңгенің өнімін өндірсе, 2015 жылы бұл көлем 18194,0 млн. теңгеге жетіп, көрсеткіш 8,1 есеге артқанын көрсетіп отыр. «Егемендік жылдарында ауданда ірі қара мал саны 1991 жылы 61 мыңнан асса, 2016 жылы 151 мыңнан астам басқа жетіп, 2,4 есеге өсті. Қой-ешкі саны 65 мың бастан 99 мың басқа жетіп, 150 %-ды құрады. Жылқы 6500 бастан 37 мың басқ…

0
0
424

И. Тасмағамбетов «Талхиз» орта ғасырлық қалашығының сақталуы мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысы Талғар ауданындағы «Талхиз» орта ғасырлық қалашығының сақталуы мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz. Бүгінгі таңда мәдени мұра нысанын сақтап қалудың өзектілігі өте маңызды саналады. Еске сала кетейік, 2014 жылдан бері қарай тарихи нысан халықаралық мәртебеге ие, оны пайдалану, қорғау, сақтау және басқаруда 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісім - Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвенцияның тәртібі мен нормасы қолданылады. Кеңес барысында вице-премьер атап өткендей, осынау Конвенцияны ратификациялау осы мұраны қорғау, сақтау, қайта қалпына келтіру және насихаттау үшін құқықтық, ғылыми, техникалық, әкімшілік және қаржылық шараларды қамтамасыз е…

0
0
322

Шымкентте ана мен баланы қорғау мәселелері талқыланды

Шымкентте ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ мен Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік сақтандыру: ана мен баланы қолдау» тақырыбында Республикалық семинар өтті, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты. Семинардың мақсаты – отбасылық және демографиялық саясат саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, ана мен баланы қолдаудағы үздік тәжірибені зерделеу, сонымен бірге, отбасы институтын нығайту мен туу, өмір сүру ұзақтығы және халықтың көші-қон саласындағы тұрақты әрі…

0
0
491

Б.Сұлтанов және Ф.Беннет ЕҚДБ-мен одан әрі ынтымақтастықты талқылады

Астанада Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінде (ЕҚДБ) Қазақстан Республикасы атынан Басқарушы, Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың ЕҚДБ бірінші вице-президенті Филл Беннетпен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы өзара іс-қимыл серпінін талқылады, жақын арадағы 4 жылға ынтымақтастық басымдықтарына қатысты пікір алмасты, сондай-ақ 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан үшін Банктің жаңа стратегиясын дайындаудың бірқатар практикалық мәселелерін көтерді, деп хабарлады ведомство. Алдыңғы стратегиядағы сияқты жеке секторды дамытуға қолдау көрсету Қазақстандағы Банк қызметінің басым бағыттарының бірі болып қалады. Б. Сұлтанов Қазақстан Банктің жеке секторын дамыту бойынша Банктің күш-қарымын жоғары бағалайтынын атап өтті. Тараптар сондай-ақ басым бағыт ретінде кең…

0
0
377

Сделано в Казахстане – Халық Маркасы

Более 50 казахстанских производителей легкой промышленности представили продукцию в павильоне «Сделано в Казахстане – Халық Маркасы», который работает в столичном ТД «Самғау». Фото - Игорь Бургандинов Как показывает мировой опыт, подобные постоянно действующие выставочные павильоны повышают узнаваемость компании и бренда на 45%, объемы продаж – на 57%, а экспортный потенциал расширяют на 28%. Руководствуясь этими данными и стремлением поддержать региональных производителей в Астане, и был открыт первый торгово-выставочный павильон «Сделано в Казахстане – Халық Маркасы». Сначала в торговом доме «Самғау» разместились торговые ряды с продовольственными товарами отечественного производства, а теперь и представители легкой промышленности разнообразили ассортимент. Участникам проекта на год пре…

0
0
612

Астанадағы ауыл шаруашылығы көрмесіне 30 елдің 250-ден астам компаниясы қатысып жатыр

Астанада «KazAgro/KazFarm-2016» ауыл шаруашылық көрмесі өтіп жатыр. Шараға 250 компания қатысуда. «KazAgro/KazFarm-2016» көрмесіне отандық компаниялармен қатар шетелдік тауар өндірушілері де көптеп қатысқан. Соның ішінде Грузия мен Финляндия биыл алғаш рет қатысып отыр. Ал Дания, Египет, Иордания, АҚШ, Тәжікстан, Украина, қатарлы 20-дан астам мемлекет бұдан бұрын да бұл көрменің көркін қыздырған. «Үш күнге жалғасатын көрме биыл 7-ші рет ұйымдастырылып отыр. Әлемнің 30-дан астам елінен 250 компания тек қана ауылшаруашылығына арналған тауарлар, жем-шөп, техникамен қатар сүт өнімдері, дәнді-дақылдарды көрермен назарына ұсынады.Біздің еліміз үшін ауылшаруашылық саласы ерекше болып саналады. Ол тек қана экономикалық емес, әлеуметтік салада да еліміздің дамуында маңызды рөл атқарады» - деді көр…

0
0
381

Республиканың 500-ден астам кәсіпорны мен ұйымдары «Парыз» байқауына қатысты

Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауына қатысуға республикадағы 501 кәсіпорынның басшылығы өтінім білдірді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып ұйымдастыратын «Парыз» байқауы биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Аймақтардан келіп түскен өтінімдердің басым көпшілігі Алматы қаласынан болды - 68. Екінші орында үміткерлер саны жағынан Павлодар облысы – 53, ал 47 өтінім Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан қабылданды. Байқауға қатысушылар өтінімінің басым бөлігі, екі жүз алпыс үш, «Үздік әлеуметт…

0
0
325

Қазақстан Doing Business рейтингінде 6 орынға көтерілді

Қазақстан Doing Business рейтингінде 6 орынға көтерілді. Өткен жылы біздің еліміз 41-орынды алса, қазір 35-орынға дейін көтерілген. Рейтингтегі өз орындарын жақсартқан елдер: Бруней, Қазақстан, Кения, Беларусь, Индонезия, Сербия, Пәкістан, БАӘ және Бахрэйн. Бұл туралы Дүниежүзілік банк тобының сайтында хабарланады. Рейтингте жетекші орындарды Жаңа Зеландия, Сингапур алады, одан әрі Дания, Қытай, Корея Республикасы, Норвегия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Македония орналасады. Рейтингті Дүниежүзілік банк тобы құрастырған және оның 190 орны бар. Әрбір елге бизнесті жүргізу жағдайларының қолайлылығы рейтингінде тиісті орын беріледі. Бизнесті жүргізу жағдайларының қолайлылығы рейтингінде ел орны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның ашылуы мен жұмыс істеуіне арналған орта соғұрлым қолайлы болып…

0
0
601

Ақмола облысының Жақсы ауданындағы жолдарды жөндеуге 60 млн теңгеден астам қаражат бөлінген

Ақмола облысының Жақсы ауданында «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу бойынша 9 жоба іске асырылды, деп хабарлады аудан әкімі Қанат Сүйіндіков өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Ол аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге бюджеттен 60 млн теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өтті. «Ауданда мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 100 млн теңгеден астам сомаға несие берілген. «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша өсімдік шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығы, ет-сүт бағытындағы өнімдер өндірісін субсидиялау бойынша жұмыс жалғасуда. Мысалы «Ырыс» бағдарламасы бойынша Жақсы ауданының шалғайдағы…

0
0
206

Қазақстан Республикасы пенитенциарлық жүйесінің 300-ден астам қызметкері пробация туралы заңның қабылдану аясында оқудан өтеді

«Қазақстандағы қылмыстық әділеттілікті жетілдіру» еуропалық одақ жобасының қолдауымен республиканың пенитенциарлық жүйесінің 300-ден астам қызметкері «Пробация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы тұрғысында оқудан өтуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі хабарлағандай, пробация және сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы қызметтерінің қызметкерлеріне арналған алғашқы екі күндік оқу семинары жиырма бесінші қазанда Өскемен қаласында басталған болатын. Осы сияқты жиындар және семинарлар сот, прокуратура органдарының және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың тартылуымен республиканың төрт өңірінде: Өскемен, Алматы, Ақтау және Қар…

0
0
453