Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 362 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі америкалық павильонын ұйымдастырушы компанияның аты белгілі болды

Вашингтон қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінде америкалық павильонын ұйымдастырушы компаниясын таңдау жөніндегі тендерінің қорытындылары жарияланды, деп хабарлады СІМ. Мемлекеттік департамент «APCO Worldwide» консалтинг компаниясын бұл лауазымға таңдады. Іс-шара барысында АҚШ Энергетика министрі Эрнест Мониз, АҚШ Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі көмекшісі Ниша Бисвал, Америка-Қазақстандық іскерлік ассоциацияның атқарушы директоры Сара Фриз сөз сөйлеп, америкалық іскерлік және ресми топтарының, қоғамдық ұйымдарының және БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараның тікелей эфир трансляциясы Мемлекеттік департаменті, Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі және Америка-Қазақстандық іскер ассоциация…

0
0
402

Қазақстан өнерпаздары Италияда өнер көрсетеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен Италиядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында Италия қалаларында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы әртістері мен шығармашылық ұжымдарының гастрольдік кештері өтеді, деп хабарлады МСМ. Қазақстан өнер шеберлерінің концерттері Италияның атақты концерт залдары – Миландағы Piccolo Teatro Studio (12 қараша) және Римдегі Academia di Santa Cecilia (14 қараша) залдарында өтеді. «Қазақконцерт» басшысы Салтанат Сейдімбек айтып кеткендей, қазақстандық әртістердің Италия сахнасында өнер көрсетуі бүкіл әлемге Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихында қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін паш етуге мүмкіндік береді. «Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде Елбасымыздың бастамасымен мемлекетіміз зор табыстарға қол жеткізіп, талай биікті…

0
0
1132

Астанада «Eurasian Book Fair – 2016» көрмесінде 15 елдің өкілі кітап шығару ісін талқылады

Орталық коммуникациялар қызметінде 2016 жылдың 9-12 қарашасы аралығында Астанада «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің өтуіне арналған баспасөз конференциясы өтті. 2016 жылдың 9-12 қарашасы арасында Астанада «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Іс-шара бір көрме орталығының қабырғасында Еуразия кеңістігінің 15-тен аса мемлекеттерінен келген 80-нен аса компаниялардың өкілдерін біріктірді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мельдешов, Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі атқарушы дирекциясының өкілі Раушан Тұрлынова, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Мемлекеттік бұқаралық ғылыми-…

0
0
569

ҚХА-ның қоғамдық келісім кеңесі жұмыс қорытындысын шығарды

Астанада ҚХА кеңейтілген отырысы барысында Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ҚХА қоғамдық кеңесінің қорытындысы шығарылды. «Біз ҚХА-ның 25 жыл ішіндегі қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс қорытындысын шығардық. ҚР Президентінің тапсырмасымен Ассамблеяның 20-шы сессиясы барысында қоғамдық келісім кеңесі 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында әлеуметтік үрдістің тиімді қоғамдық операторы ретінде таныстырды. Елбасы мемлкеттің жаңа құрылымында Ассамблеяның басты мақсаты этникаралық келісім ғана емес, қоғамдық келісім екенін айтты», - деді ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко. Л.Прокопенко кеңестің негізгі міндеті – азаматтық принципі негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында қоғамда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында аз…

0
0
626

Алматыда трейлер шығаратын Қазақстандағы алғашқы цех іске қосылды

Алматы қаласының бизнесті қолдау және дамыту Картасы аясында мегаполис әкімі Бауыржан Байбекке түрлі салаларда қолданылатын трейлер шығаратын Қазақстандағы жалғыз цех таныстырылды. Кәсіпорынның қуаттылығы - жылына 60 автотіркеме шығару, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. «Жоба осыдан 4 ай бұрын жүзеге асты, соның өзінде Мәскеу мен Кипрден тапсырыс түсіп отыр. Мұнда бөлшектер жиналады, біз дөңгелек, шасси, пластика мен металлды ғана аламыз, қалғандарының барлығы қазақстандық өнімдер. Металлокаркасты, бөлшектерді құрамыз және көше кафелеріне қажет трейлердің ішін өзіміз әрлейміз.Цехта небәрі 32 адам жұмыс істейді» - деп атап өтті «Алматының автотіркемелер зауыты» ЖШС директоры Андрей Шенцов. Нарыққа тіркемелер шығарумен қатар зауыт өзінің жеке «Strelka» өнімін де шығаруд…

0
0
484

Н. Назарбаев: Қазақстан Корея Республикасымен ынтымақтасу ісінде ғылымды қамтитын жобаларды жүзеге асыруға айрықша мән беріп отыр

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кореяға мемлекеттік сапары аясында «Енсей» университетінде болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президентіне «Енсей» университетінің Құрметті ғылым докторы атағы берілді. Мемлекет басшысы елдің жетекші оқу орны болып саналатын университет ұжымы алдында сөйлеген сөзінде оның қызметінің болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталғанын және білім беру саласының қарқынды дамуы Оңтүстік Кореяның қол жеткізген жетістігінің басты кепіліне айналып отырғанын атап өтті. «Елдеріңіз соңғы екі буын ауысқан кезең ішінде шет елдердің көмегін тұтынушыдан ірі донорға айнала білді. Сіздер 2025 жылы ғылым мен техника саласындағы бәсекеге қабілеттілік деңгейі жөнінен әлемнің үздік жеті елінің қатарына қосылу міндетін батыл іске асырып келесіздер. Адам…

0
0
527

Н.Нығматулин: Үш жылдық бюджет Елбасының мемлекетімізді әлеуметтік жаңғырту жолындағы маңызды тапсырмаларын орындауға бағытталған

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс еліміздің бас қаржы құжаты - «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады. Жалпы отырысқа Премьер-Министр Б.Сағынтаев пен басқа да Үкімет мүшелері қатысты. Мәжілісте хабарлағандай, біраз уақытқа созылған талқылаудан кейін Мәжіліс Спикері депутаттар тарапынан мақұлданған алдағы үш жылдық бюджет жобасының Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді әлеуметтік жаңғырту бағытын толықтай қамтығандығын атап өтті. Одан әрі Парламенттің, Үкіметтің, Есеп комитетінің бюджеттік көрсеткіштерге қол жеткізуді бақылауды бірлесе қамтамасыз ету керектігін алға тарта келіп, Н. Нығматулин: «Бұл еліміздің негізгі қаржы құжаты. Оны толықтай орындау Үкіметтің, Парламенттің басты мінде…

0
0
641

Мәжіліс 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжілісте «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңының жобасы мақұлданды. «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңының жобасы 2021 жылға дейінгі экономиканың даму болжамына сәйкес алдағы үш жылдыққа арналған елдің әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсетеді. «Бүгін қабылданған үш жылдық бюджет жобасы Президенттің барлық тапсырмаларын орындауға жәрдемдеседі. Тура бір ай бұрын Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет алдына жаңа міндеттер қойып, негізгі басымдылықтарды анықтап, жақын арада бірнеше бағдарлама дайындауды тапсырды. Оның ішінде ШОБ-қа өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тарту бойынша арнайы бағдарлама – ол 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ні жаңғыртудың жаңа бағдарламасы, «Нұрлы жер» бағдарлам…

0
0
622

ТМД елдері Астанада өтетін «Eurasian Book Fair» көрмесінде өз экспонаттарын ұсынады

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2016 жылғы 9-12 қараша аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлағандай, «Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі –ТМД, Еуропа және Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми, білім беру және полиграфия компанияларын үлкен бір интеллектуалды алаңға біріктіретін еуразиялық кеңістіктегі ең ірі мәдени-ағартушы шаралардың бірі. 2016 жылғы 9 қарашада ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының «Қазына» топтамасымен шығарған алғашқы кітаптарының таныстырылымын өткізеді. Олар:«Ғасырлар алтыны. Ұлттық музейдің ал…

0
0
573

Астанада АӨК-ні дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасымен таныстырды

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов Қазақстан Республикасында АӨК-ні дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын таныстырды. Ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Үкіметке жылдың аяғына дейін Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасымен біріктіру арқылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты нарыққа қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ету болады, деп хабарлады министрлікте. Әзірленіп жатқан Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері: мал шаруашылығының тиімділігін 58%-ға және өсімдік шаруашылығының тиімділігін 40%-ға арттыру, тауарлы өндіріске 670 м…

0
0
665