Қазақстан мен Сербия Премьер-Министрлері екі елдің ынтымақтастығын талқылады
Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сербия Республикасының Премьер-Министрі Александр Вучичпен сауда-экономикалық, агроөнеркәсіп, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізді.
ҚР Премьер-Министрі серб тарапына Қазақстанның халықаралық бастамаларын ілгерілетудегі жәрдеміне, 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі лауазымына Қазақстан кандидатурасына Сербияның қолдау көрсеткеніне, сондай-ақ Сербияның ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы оң шешіміне алғысын білдірді, деп хабарлады primeminister.kz.
«Біз қазір сіздермен аз құрамда біздің мемлекеттеріміздің басшыларының берген тапсырмалары аясында талқылауға қажетті көптеген мәселелерді қарастырдық. Біздің Мемлекет басшысының Сербияға сапарынан кейінгі тиісті хаттама бар. Шаралар жоспары жасалған және біздің министрліктердегі, ұлттық компаниялардағы әріптестеріміз барлық жүктелген тапсырмаларды орындауда», - деді Б. Сағынтаев.
Өз кезегінде Сербия Премьер-Министрі А. Вучич қабылдауға алғысын білдіріп, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесін айтып, Қазақстан мен Сербия арасында шынайы достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты дамыту Жол картасына, сонымен қатар Астана әкімдігі мен Белград мэриясы арасында Ниет туралы хаттамаға қол қойылды.
Кездесуде Бақытжан Сағынтаев Сербия премьер-министрiнiң сапары аясында көптеген маңызды мәселелер талқыланып жатқанын атап өттi.
«Сiзге бiздiң ел ұнағанын байқап отырмыз. Кеше Астана туралы жылы лебiзiңiздi бiлдiрдiңiз. Бүгiн шағын құрамда көптеген мәселелердi талқыладық. Бұл сұрақтарды бiздiң елдердiң мемлекет басшыларының тапсырмасы аясында қарастыру қажет. Қазақстан Президентiнiң Сербияға жасаған сапарынан кейiнгi хаттама бар. Арнайы iс-шаралар жоспары жасалды, министрлiктер мен ұлттық компаниялар барлық тапсырмаларды орындау бойынша жұмыс атқарып жатыр», - дедi Үкiмет басшысы.
Өз кезегiнде Сербия премьер-министрi Александр Вучич Қазақстан тарапынан көрсетiлген құрметке алғысын бiлдiрiп, екi елдiң ынтымақтастығы дами түсетiнiне үмiт бiлдiрдi.
«Сербия Қазақстанның ұстанымдарын, Президентiн құрметтейдi. Қазақстан ЮНЕСКО-да бiздiң мәдени мұрамызды сақтауға қолдау көрсеттi. Қазақстан мен Сербия арасында достық қарым-қатынас орнап отыр. Осы ынтымақтастығымыз одан әрi нығая түсетiнiне сенiмдiмiз. Сербия Қазақстанмен шынайы достастықты жоғары бағалайды», - дедi ол.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада 90-нан астам серб компаниясы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Сербия бизнес форумы өтіп жатыр.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
