Мазмұнға өту
Лайфхаки
Лайфхаки

Лайфхаки

460 жазбалар501 тіркелуші

Делитесь лайфхаками, полезными советами, ноу-хау

С Днём национальной валюты Казахстана! Қазақстанның Ұлттық валюта күні құтты болсын!

Уважаемые клиенты, партнеры, коллеги и друзья!

Поздравляем вас с Днем Национальной Валюты Казахстана!

Указом Президента Республики Казахстан 15 ноября 1993 года в нашей стране была введена в оборот национальная валюта – Тенге. Этот день стал Днем национальной валюты и профессиональным праздником работников финансовой системы Казахстана. Вместе с государственной валютой Казахстан получил возможность вести независимую экономическую и денежно-кредитную политику.

Мы поздравляем вас с праздником, с 30-летним юбилеем Тенге и желаем вам и вашим близким финансового благополучия, процветания, стабильности и достижения поставленных целей!

Пусть ваша работа будет направлена на развитие и укрепление экономики и финансового потенциала страны!

С уважением,

Онлайн-сервис «Честное слово»

***

Құрметті клиенттер, серіктестер, әріптестер және достар!

Сіздерді Қазақстанның Ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылғы 15 қарашада елімізде ұлттық валюта – Теңге айналымға енгізілді. Бұл күн Ұлттық валюта күні және Қазақстанның қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болды. Қазақстан мемлекеттік валютамен бірге тәуелсіз экономикалық және ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік алды.

Біз Сіздерді мерекемен, теңгенің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз және Сіздерге және жақындарыңызға қаржылық амандық, өркендеу, тұрақтылық және алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізулеріңізді тілейміз!

Сіздің жұмысыңыз елдің экономикасы мен қаржылық әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталсын!

Құрметпен,

"Честное слово" Онлайн-сервисі

0
0
369

День Республики Казахстан || Қазақстан Республикасының күні 25 қазан 2023

Казахстанцы, друзья, коллеги!

Большой командой наших операторов и менеджеров мы от души поздравляем вас Днем Республики Казахстан!

Тридцать лет и три года мы живем в независимой, прекрасной стране. Пусть и дальше над нашими головами всегда будет бескрайнее мирное небо, под ногами - ковер из цветов и узоры степных дорог.

Пусть у нас, наших детей, наших родителей всегда будут здоровье, радость, изобильные возможности и уверенное будущее.

А мы всегда поможем вам быстро и легко найти средства на ваши нужды для комфортной жизни.

С добрыми пожеланиями,

онлайн-сервис микрокредитования «Честное слово»

***

Қазақстандықтар, достар, әріптестер!

Операторларымыз бен менеджерлеріміздің үлкен тобымен Біз Сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіз, көрікті елде тұрып жатқанымызға отыз үш жыл болды. Әрқашан басымызда шексіз бейбіт аспан, табанымыздың астында гүлденген кілем мен дала жолдарының өрнектері болсын.

Бізде, балаларымызда, ата-анамызда әрқашан денсаулық, қуаныш болсын,мол мүмкіндіктер мен сенімді болашақ болсын.

Ал біз сізге әрқашан ыңғайлы өмір сүру үшін қажеттіліктеріңізге қаражат табуға көмектесеміз.

Ізгі тілекпен,

«Честное слово» микрокредиттік онлайн қызметі

0
0
546

Қыс бітті деп қуанамыз ба?

Биыл мен деген патриоттар (яғни өзім) қаһарлы қыстың құрсауында жүріп, өз ойын түбегейлі өзгертті. Өз елім менің - өзегім менің деген адамдар шетелде қалай орын тапсам деп шырқ ұруда. Суықтан шаршадым, босқа ескек есуден шаршадым. 

0
2
840

Ұйқыны жақсартуға арналған 5 кеңес

 Ұйқы - бұл адам денесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті физиологиялық шарттардың бірі. Қазіргі таңда көптеген адамдар ұйқының жетіспеушілігінен немесе нашарлығынан туындайтын қиыншылықтарды бастарынан кешуде. Біреулер ұйқысы жиі бұзылып, толыққанды ұйықтауды аңсаса, біреулер таң атқанға дейін әртүрлі ойлармен мазасызданып, ұйықтай алмай қиналады. Уақыт өте келе, осы ұйқымен байланысты мәселелер созылмалы болып кетсе, олар адамның өмір сүру сапасына кері әсерін тигізіп, денсаулығының нашарлауына, әлсіздікке, көңіл-күйдің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Алайда, көп жағдайда бұл мәселенің шешімін сіз күнделікті өміріңізден таба аласыз. Сіздің күнтізбеңіз, ұйқы әдеттеріңіз және күнделікті әрекеттеріңіз ұйқыңыздың сапасын жақсартуы немесе нашарлатуы мүмкін, ал сіздің өмір сүру салтыңыз өз қолыңызда болғандықтан, сіз жағдайды түзете аласыз. Сізге төменде ұсынылатын кеңестер ұйқыңызды жақсартып, ұйқысыздықты жеңіп, келесі күнді толық күш-қуатпен бастауға көмектеседі. Әрине, барлық кеңестер сізге сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан өзіңізге ең қолайлысын тауып, ұйқыңызды жақсартуға арналған жоспар құруыңызға болады.

1. Ұйқыңызды тұрақты ету

Егер сіздің ұйқыңыз тұрақты болып, күнделікті белгіленген уақыттарда ұйықтауды және оянуды қолға алсаңыз, өзіңізді сергек сезінетін боласыз. Күнделікті ұйықтау уақытын өзіңіздің әдетте шаршайтын уақытыңыз етіп таңдаңыз. Өзіңізді мәжбүрлеп ұйықтатудың қажеті жоқ. Ұйқы жеткілікті болғанда, сіз оңай оянғаныңызды байқайсыз. Егер қандай да бір себептермен сіз әдеттегіден кеш ұйықтасаңыз, оны келесі күні ұзақ ұйықтаудың орнына күндізгі ұйқымен қалпына келтіруге тырысыңыз. Бұл сіздің ұйқыңыздың табиғи ырғағын бұзбай, ұйқысыздықты қалпына келтіруге көмектеседі.

2. Жатын бөлмеңізді ұйықтауға ыңғайлы орынға айналдыру

Егер сіз жеткілікті ұйықтағаныңызға қарамастан таңертең нашар оянып, өзіңізді дұрыс ұйықтамағандай сезінсеңіз, өзіңіздің жатын бөлмеңізде ұйықтауға қолайлы атмосфераны құрғаныңыз жөн. Ол үшін бөлмеңізде толық тыныштықты қамтамасыз етіңіз. Жарық өткізбейтін перделер іліп немесе көзіңізге маска киіп, толық қараңғылықты жасаңыз. Бөлмеңізде ұйықтауға қолайлы ауа температурасы болуын қадағалап, ауа айналымын қамтамасыз еткеніңіз жөн.

3. Ұйқыға алдын ала дайындалу

Ұйқыңыздың жақсы болуы сіз ұйықтамас бұрын бірнеше сағат бұрын істейтін әрекеттеріңізге тікелей байланысты. Сондықтан, қажет болған жағдайда кешкі іс-әрекеттеріңізге өзгерістер енгізуіңіз керек. Мысалы, ұйықтар алдында теледидар көруден бас тартқаныңыз абзал. Әсіресе, санаңызға ой салатын терең мағыналы немесе қорқынышты фильмдерді ұйықтар алдында көрмеген жөн. Оның орнына жеңіл журнал оқыңыз, жылы душ қабылдаңыз, аудио-кітап тыңдаңыз, немесе ертеңгі күнге қарапайым дайындық жасаңыз.

4. Дұрыс тамақтану

Сіздің тамақтану әдеттеріңіз де ұйқыңыздың сапасына әсер етеді. Кешкі асты ұйқыға дейін кем дегенде екі сағат бұрын қабылдаңыз және оның мөлшеріне көңіл бөліңіз. Қорытуға ауыр ет, ақуызды және майлы тағамдарды ұйықтар алдында жеуге болмайды. Оның орнына кешкі асқа құрамында ірімшік, сүзбе бар жеңіл тағам немесе балықты таңдаңыз. Бұл миыңызды тыныштандыруға көмектесіп, терең ұйықтауға ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, ұйқыдан бірнеше сағат бұрын кофеден немесе қою шайдан бас тартыңыз. 

5. Физикалық белсенділік

Физикалық жаттығулар тек қана дененің саулығына әсер етіп қоймай, сіздің ұйқыңызды жақсартуға да көмектеседі. Сондықтан, тұрақты түрде жаттығулар жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл үшін сізге кәсіпқой спортшы болу міндет емес, тек күнделікті жарты сағаттық жаттығулар жеткілікті болады. Егер сіз күшейтілген түрде арнайы залдарда физикалық жаттығулармен айналыссаңыз, таңертеңгілік немесе күндізгі уақытты таңдағаныңыз жөн. Себебі, бұндай жаттығуларды кешкі уақытта жасау сіздің ағзаңыздың белсенділігін арттырып, денеңізді қыздырады. Ол өз кезегінде ұйқыңыздың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқыңызды жақсарту үшін күнделікті бір-екі сағат таза ауада серуендеудің маңызы зор.

Бұл ұсынылған кеңестер, әрине, қарапайым және көпшілік адамға ортақ болуы мүмкін. Сондықтан, ұйқыңыздың сапасын арттыру үшін бұлардан да басқа  әдістерді тексеріп, өзіңіздің әдетіңізге айналдыруыңызға болады. Ұйқы адамның физиологиясындағы ең маңызды күйлердің бірі болғандықтан, әр адам өз ұйқы әдеттеріне көңіл бөліп, оны жақсартуға әрекет етуі тиіс.

0
1
862

Сізді ертеңгі күнді жақсы өткізуге дайындайтын 6 кешкі әдет

Сіздің күніңіз қалағандай емес, көңілсіз өтті. Бәрі бітті деп, күнді бітірмей-ақ қойыңыз, өйткені сізде әлі кешкі уақытыңыз бар. Қалған уақытыңызды пайдалы өткізіңіз. Бұл блогтағы пайдалы кеңестер сізге демалып, стресстен арылуға және келесі күнді жақсы көңіл-күймен бастауыңызға көмекші болады. 

1. Әлеуметтік желілерден және телефоннан бірнеше сағатқа аулақ болыңыз

Үрейлі әлем әрдайым қоңыраулармен, электрондық хаттармен немесе хабарламалармен бізге шабуыл жасайды. Кешке үйге келген соң, біз әрі қарай жұмыс, политика, әлемде болып жатқан жайлар және тағы да басқа жайлар туралы ойлап, қобалжып жүреміз. Соған қоса біздің іс-әрекеттеріміз де сол жайларға байланысты болады. Сонымен қатар, кешкі уақыт – демалу, отбасымен сөйлесу, өткен күнді қорытындылау және келесі күнді жоспарлау үшін керемет уақыт. 

Жатар алдында өзіңізге қалған әлемнен тыс бірнеше сағат бөліңіз. Сол уақытты тек өзіңіз үшін маңызды заттарға бөліңіз. Электронды құрылғылардағы ескертулерді өшіріңіз, телевизордың дауысын өшіріп, тек өзіңізбен жалғыз болыңыз. Бұл әдет сізге тынығуға көмектеседі, миға күннің біткенің ескертіп, ұйқыңызға жәрдемші болады. 

2. Тынығуыңызға кеңістік жасаңыз 

Күніңізді экран алдында өткізіп, үйге келген соң тағы да экран алдында өткізу – демалудың жақсы тәсілі емес. Сонымен қатар, сіз кез-келген заманауи адам бастан кешіретін стрессті күшейтесіз. Жұмыс күнінен кейін сіз демалып, назарыңызды басқа іске аударуыңыз қажет. 

Өзіңізді жайлы, бақытты және тыныш сезінетін орынды табыңыз және өзіңізді тыныштандыруға 20 минут уақыт бөліңіз. Сіз физикалық жаттығулар, медитация, кішігірім үй жұмыстарымен айналысуға немесе душ қабылдауыңызға болады. Немесе ештеңе жасамаңыз - өзіңізге осы сән-салтанатқа мүмкіндік беріңіз. 

3. Хоббиіңізге уақыт бөліңіз

Жұмыс біткен соң, қалған уақытты неліктен өзіңізге ұнайтын іспен өткізбеске? Бұл өрнек салу сияқты кішігірім хобби немесе шет тілін үйрену секілді практикалық хобби немесе бизнес-жоба құрау боулы мүмкін. Хоббиіңізді табу үшін, өзіңізге мынандай сұрақ қойыңыз: “Егер маған ақша табу керек емес болса, не істер едім?” Меніңше, өзіңізге ұнайтын іске бір жарым сағаттай уақыт бөлу өте дұрыс шешім болар. 

4. Өзіңізге есеп беруге уақыт бөліңіз

Әр күннің соңында сіз өз-өзіңізге есеп беруіңіз қажет. Американдық спикер және психолог Джим Рон айтпақшы: “Нәтижелер сізді қуанту немесе итермелеу қажет” Өзіңізге сұрақ қойыңыз: “Мен бүгін қандай жақсылық жасадым?” Осыған небары минут уақыт бөлсеңіз де болады. Оған қоса өз ойларыңызды күнделікке жазыңыз. Бұл іс сізге ойларыңызды құрылымдап, пішін беруге мүмкіндік береді. 

5. Өзіңізге ұнайтын нәрсені оқыңыз

Кітап оқу - бұл сіздің күніңізді аяқтаудың ең жақсы тәсілі. Осы туралы ғылыми дәлелдер де бар. Сассекс университетінің докторы Дэвид Льюистің айтуынша, бар болғаны 6 минуттық оқу стрессті 68%-ға төмендетеді. Бұл серуендеу, музыка тыңдау, шай / кофе немесе бейне ойындардан гөрі тиімдірек. Сондай-ақ, ұйықтар алдында оқу, ақпаратты есте сақтауға көмектеседі. Ми оны ұйқы кезінде де өңдеуді жалғастырады.

Сіз кез-келген нәрсені таңдай аласыз: көркем немесе көркем емес, классикалық немесе заманауи проза - бастысы сізге ұнайтыны. Қағаз кітаптарын қолданған дұрыс. Біріншіден, олар ұйқыға экрандардың жасанды жарығы сияқты теріс әсер етпейді, бұл мелатонин гормонының қалыптасуын бұзады. Екіншіден, зерттеулер электронды нұсқаларға қарағанда қағаз кітаптар зейін қоюының жақсартуына әкелетінін көрсетеді. 

6. Ертеңгі күнге бүгін дайын болыңыз

Таңертеңгілік өмір сүру сіздің кешіңізді қалай өткізгеніңізге байланысты. Таңертең сізде бірдеңе жасауға деген ынта аз. Сіз жүгіру немесе медитация туралы айтпақ түгілі, жылы төсектен шыққыңыз келмейді. Бірақ сіз әлі де үйден шығуды ұйғардыңыз делік. Киімдерім қайда? Машинаның кілті қайда? Бұл сұрақтарға жауаптың жоқтығы (немесе оларды ұзақ іздеу) сізді әлсіретіп, сіздің істеріңізді әрі қарай жалғастыруға уәждемеңізді жоғалттыруы мүмкін. Сондықтан, жаңа күнге кешке дайындалыңыз. Оятқышқа қуаттандыратын өлең қойыңыз, киімдеріңізді дайындап қойыңыз, төсектін жанына бір стақан су қойып койыңыз және т.б. Бастысы ұйықтар алдында, ертең не үшін ояну керектігін есіңе түсіріңіз. 

Ал енді барлығын қорытындылайтын болсақ:

· Біріншіден, өзіңізді барлық сыртқы нәрселерден ажыратыңыз. Сіздің кешіңіз - тек сіздің уақытыңыз.

· Біраз уақыт жағымды жерде демалыңыз. Кем дегенде 10 минут жалғыз болыңыз.

· Өзіңізге ұнайтын нәрсемен айналысыңыз - хобби немесе шығармашылық жоба болсын.

· Кері байланыс орнатуға уақыт бөліңіз. Күніңізді талдаңыз.

· Кітап оқыңыз. Бұл стрессті жеңілдетуге көмектеседі.

· Ертеңге дайындалыңыз. Өзіңізді оятуға және нәтижелі таңға итермелеңіз.

Осы айтылғандардың бәрі сізге жақсы демалып, жаңа күнді жаңа күшпен бастауыңызға көмекші болады. 

0
1
1115

Ноутбук таңдауда қандай ерекшеліктерге көңіл бөлген жөн?

Қазіргі әлемде смартфондармен қатар ноутбуктарға да сұраныс өте жоғары бар. Оның өнімділігінен бөлек мобильділігі де маңызды болып келеді. Екінші жағынан, планшеттер мен смартфондар сияқты девайстар белгілі бір жұмыстарға қолайсыз. Сондықтан осы жағдайда адамдар ноутбук сатып алуға шешім қабылдайды.

Соңғы 10 жылда нарықта мыңдаған ноутбук модельдері пайда болып, жоғалып кетті. Әртүрлі өндірушілердің модельдері бір-біріне өте ұқсас, бірақ та маңызды бөлшектері әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір ескі модельдер жаңа ноутбуктардан өнімділік жағынан басым болады. Осы да және басқа да факторлар ноутбукты таңдау кезінде белгілі бір қиындықтар тудырады.

Ноутбуктың ең маңызды бөлшектерінің бірі дисплей болып табылады. Сондықтан құрылғыны жоғары сапалы экранмен алуға тырысыңыз. Мәселен, 1200-ден 800 нүкте рұқсаты мәтінмен ғана жұмыс істеуге ыңғайлы, ал бейне редакторлар үшін экранның тұнықтығы 2560х1800 немесе 1920х1080 пиксельден төмен болмауы қажет. Бұл қаріптер мен суреттердің барынша анық болуын қамтамасыз етеді. Жақсы ноутбукте күңгірт экран болуы керек, өйткені жылтыр дисплейлер көзге кедергі келтіруі мүмкін. Енді ең озық технологияларға келетін болсақ IPS экрандары жоғары контраст пен тұнық түстерді қамтамасыз етеди. Сонымен қатар дисплейдің өлшемі де маңызды рөл атқарады. Стандартты диагональ 15,6 дюйм есептеледі, ал шағын ноутбуктар 13,3, 11,6 және 10,1 дюйм диагоналі бар матрицалармен жабдықталған. Ultrabook негізінен диагоналі 13 сантиметрді құрайды, себебі бұл өлшем мобильділік пен пайдаланудың қарапайымдылығы бойынша ең үздік деп танылады. 

Процессор және RAM саны модельді таңдағанда соңғы орын емес. Жақсы процессордың жиілігі 2,0 ГГц-ден жоғары болуы шарт, алайды мұнда да чиптің буыны мен моделіне тауелді екенін атап өту керек. Бұл принцип бойынша ноутбуктың жылы жаңа болған сайын процессордің де өнімділігі жоғары болады. Сонымен қатар, құрылғы неғұрлым қуатты болған сайын, соғұрлым ол энергияны көп қажет етеді. Үздік шешім ретінде соңғы буынның төрт ядролық процессорларын алуға болады . Оперативті жадының ең аз деген көлемі - 4 Гб болуы қажет, ал егер сіз ноутбуктың өзектілігін ұзарту үшін 8 Гбайт көлемінен жоғары сатып алу қажет.

Қатқыл дискіге(HDD) келетін болсақ, мұнда бәрі қарапайым, неғұрлым көлемі көп болса, соғұрлым жақсы. Дегенмен, қатқыл дискінің өлшемі тым жоғары болғаны да дұрыс шешім емес, себебі оның көлемі жоғары болған сайын төзімділігі де төмендей түседі. 1000 ГБ-тан артық қатты дискіні сатып алудың қажеті жоқ, қосымша диск ретінде алынбалы қатқыл диск алғаны жөн. Қазіргі заманғы ноутбуктерде 500 немесе 1000 Гб кейде 250 Гб жадты дискілер жиі кездеседі. Жаңа моделді SSD дискілері жайлы ұмытпаңыз, оның көлемі аз болғанымен, өнімділігі айтарлықтай жоғары. Мәселен, жүйелі дискімен жүйе жүктемесі шамамен үш минутқа созылса, қатқыл дискілерде 10 секундтан артық емес.

Бейне картаға келетін болсақ, оның өнімділігі келесі сиппатамалар бойынша анықталады. Олар чиптің күші, өткізу қабілеттілігі және жадының көлемі. Жақсы бейнекартаның жадының көлемі өткізу қабілеттілігінен 2 есе жоғары болғаны оңтайлы. Мысалы, сыйымдылығы 512 Мбайт болса, өткізу қабілеттілігі кемінде 256 Кб/с болуын талап етеді. Бейнекартаны алмастыруға болмайды, сондықтан осы тарапта дұрыс шешім қабылдаған жөн.

Көптеген адамдар ноутбук таңдауға келгенде біраз қиындықтар туады, сондықтан дұрыс шешім қабылдау үшін жақын достарыңыз бен таныстарыңыздан көмек сұраудан қысылмаңыз. Осы жерде сатушыларға сенім артуға болмайды, себебі олар көп жағдайда жоспардағы сату керек ноутбуктарды сатып алуға кеңес  береді.

1
0
1339

Бақыттың кілті

Д.Сибери есімді жазушы: «Біз үлкендер әлеміне өмірлік сынақтарға дайын болмай қадам басамыз». – деген екен. Балалар мектеп бітіріп, ата-анасынан бөлек шыққаннан соң көптеген қиындықтарға тап болады. Ол: ақша табу, мансап құру және кіммен араласу керектігін ажырата білу. Жалақысы төмен жұмысқа орналасып, көбі ол ақшаның өмір сүруге аздық ететіндігін түсіне бастайды. Отбасын құрып, балалы-шағалы болғаннан соң материалдық жағынан тәуелді болады. Оның үстіне, бір нәрсеге деген қажеттілік пен жетіспеушілік туындайды. Мұндай адамдар, нәтижесінде, депрессияға ұшырайды. Статистика бойынша ауру адамдардың жартысы – күйзеліске төтеп бере алмағандықтан жүйке жүйесі бұзылан адамдар. 

Ер адамның әңгімесі.

Мен кедейшілікте өстім. Көкөніс дүкенінде сатушының көмекшісі болып 8 жыл жұмыс істедім. Отбасымыз 8 адамнан тұрады. Біздің негізгі табыс көзіміз – менің аз ғана жалақым. Бір күні, өзімді қолға алып, батыл қадам жасап, жеке бизнесімді ашып, үлкен жетістіктерге жеттім. Бірақ, бірде, танысым менен көп ақша қарызға алады. Ол болса банкротқа ұшырайды. Несиелерді жабу үшін мен кәсібімді сатып, қарызға баттым. Жүйке жүйем бұл сәтсіздіктің барлығына шыдай алмай, мен ауырып та қалдым. Тамақ батпай, су іше алмай, ұйықтай алмай, түсініксіз бір ауруға душар болдым. Бір күні көшеде келе жатып, басым айналып, талып түстім. Мені жедел жәрдем даладан тауып, алып кетті. Ауруханада жағдайым нашарлап, денемді жара басып, күн сайын әлсірей бастадым. Ақыр аяғында, дәрігер маған аз өмір қалғандығын айтты. Ауруханадан шығып, қалған өмірімді үйде өткіземін деп шештім. Мен демалып, тынышталып, қалғып кеткенімді байқамай да қалыппын. Тұрғаннан соң, қарнымның ашқанын сезіп, дәмді тамақ әзерлеп, ішіп алдым. Мен енді ешнәрсеге уайымдамайын болдым. Бір айдан кейін салмақ жинадым. Тағы бір ай өткеннен соң табылған кез келген жұмысқа кіріп, барлық уақытымды тек жұмысқа арнадым. Енді мен уайымға бой алдырмау керектігін ұқтым. Жылдарды артқа тастап, бүгінде мен табысты кәсіпкерге айналдым. 

Келесі әңгіме.

Жалғыздық пен кедейшіліктен шаршаған бір әйелді өзін өлтіргісі келетіндігі жайлы ойлар жиі мазалайтын. Ауырып қалған жағдайда керекті дәрі-дәрмектерді алуға ақшасы жетпей қалатындығын ойлап қатты уайымдайтын. Өмірді ары қарай жалғастыруына оны қатты жақсы көретін әпкесі ғана күш беретін. Күндердің күнінде «Дана адам үшін оның әр күні жаңа өмір басталады» деген жолдары бар мақала оның қолына түседі. Бұл цитатаны жазып алып, үйінің көрінетін жеріне іліп қояды. Ол бір күніңді уайымға берілмей, назарын жұмысқа аудару біз ойлағандай қиын еместігін аңғарады.  Болмашы дүниеге көңіл-күйін түсірмей, уайымдамай, жалғыздық және ақшасыз қаламын деген қорқыныш сезімдерден аулақ бола бастады. Ол жіберген қателіктері үшін өзін және өмірінде оған жамандық жасаған адамдарды кешірді. Болшағы үшін алаңдауды қойды. Енді ол жамандықтың барлығы уайымға берілуден басталатынын түсінді. Бүгінде ол табысты әрі бай әйелге айналды. Адамның ең басты қателігі  – өмірден бас тарту. Басым көпшілігі өмірдің бір-ақ рет берілетіндігін, бүгінгі күніңе ризашылық білдіру маңызын, барынша ісіңді осы күні бітіруге тырысу керектігін кеш түсінеді, басқалары, тіпті, оны аңғармай да жатады. Әдетте балалар өскенде үлкен жетістіктерге жетемін деп жатады. Бой жеткеннен соң үйленгеннен кейін мен былай істеймін, үйленген кезде зейнетке шыққандам бірталай нәрсені тындырамын деп айтып жатады. Ал зейнетке шыққаннан кейін көп нәрсені өткізіп алғандығын мойындайды. Бүгінгі күннің статистикалық мәліметтеріне назар аударсақ: адамның 5 пайызы 70 жасында қалталы болып, денсаулығын да бір қалыпта ұстайды. 70 пайызы зейнетақын немесе жәрдемақын күтіп, денсаулығы болса нашарлай түседі. Ал қалған 25 пайызы өмірден озғандар. Бірақ,өмірге барлығы бірдей болып келеді ғой. Француз философы Монтел: «Менің өмірім орын алмаған көптеген сәтсіздіктерге толы» - деген. Сіздің өміріңіз жайлы да осылай айтуға болады. Сіз бұрында жасаған қателіктеріне және болмаған нәрсе үшін уаймдайсыз. Осылайша, біз, қолымызда барды қанағат етпейміз. Бір күнде қанша жақсылық жасап, жағымды іспнй айналысып, содан ләззат алуға да болады. Қызметкерлер саны 500-ден асатын үлкен кемелер, лайнерлер бар. Теңізге шыққаннан кейін капитан күндіз кеменің барлық бөліктерін блоктарға бөлетін батырманы басады. Яғни, асхана, механикалық бөлік т.б. Нақтырақ айтқанда қызметкерлер ары-бері тектен тек жүре алмайды. Әрқайсысы жұмыс уақытын аяқталғанға дейін өз қызметімен айналысады. Өмірде де дәл солай. Бір батырманы басып, уайым-қайғыны ұмытып, бүгінгі күнмен өмір сүруіңіз керек. Адамның ойына бір күнде мыңдаған ой келеді. Оның 80 пайызы түкке керексіз ойлар. Бірақ, бір сәтте позитивті ойласаңыз күніңіз де жақсылыққа толы болады. Біз «алтын» ғасырда өмір сүреміз. Біздің мүмкіндіктеріміз шексіз. Ақсақалдар айтқандай: «Заман кімге қиын? Заман жалқауға қиын». Америка өнеркәсібі көп мемлекет болып есептеледі. Оларда 5 миллион миллионер, 300 миллардер бар. Басым бөлігі эмигранттар. Олардың жетістікке жетуінің біа ғана құпиясы бар – олар жаман ойлардан арылып, қайғыға батпай, тыныш өмір сүреді. Менің ойымша олар бақытты жандар. Себебі, өзін-өзі дамытуға арналған және адамды қалай дұрыс өмір сүру керектігін үйрететін, ақша табудың қыр-сырын ашатын түрлі курстар ашылып, мектептер болса екі ғасырға тарта уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда дамыған ірі қалаларда да мұндай курстар бар. Бірақ, өз бетінше білім алуға да мүмкіндік жоқ емес. Кез келгеніміз өмір сүру оңай еместігін, оның ақ пен қарадан тұрып, жамандық пен жақсылықтың қатар жүретіндігін есте сақтағанымыз абзал. Қорыта келе мынаны айтқым келеді: бастысы – кез келген қиындыққа төтеп беріп, одан шыға білуді үйренуіміз керек. Ал сол қиындықтарға моймасақ, нәтижесінде бақытқа кенеліп, керемет өмір сүреміз. Бақыттың кілті-осы.

                                                                                                                                      Б.Қ.Тасқанбаева

1
0
2404
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз