Мазмұнға өту
Книги
Книги

Книги

936 жазбалар569 тіркелуші

Рецензии, обзоры, мнения

Бауыржан Қарағызұлы «Ұлы даланың ұландары»

Қазақ поэзиясының танымал қаламгері Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген.Бауыржан Қарағызұлы – өз дауысымен, өзгеше қолтаңбасымен, ерекшеленетін талантты ақын. Көптеген әдеби байқаулардыңжеңімпазы.

Ақынның«Ұлы даланың ұландары» жинағы «2021 – балалар әдебиеті жылы» деген сериясымен шыққан. Кітап екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлім балаларға арналған өлеңдер, екінші бөлім ересектерге арнап жазылған өмір жайлы ой-толғаныстар.

Сен ақылды баласың,

Ертең өсіп толасың.

Ел тарихын зерттеген,

Бәлкім, ғалым боласың.

Тарихына сыр тұнған,

Өнеге ал ұлтыңнан.

Біліміңе тамсанып,

Ел мақтасын сыртыңнан.

Кітапханаға келіңіздер, қаламгерлермен танысыңыздар!

0
0
691

Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті #Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді #Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері #Балаларға_арналған_әдебиеттер #Балалар_шығармалары #Балаларға_арналған #Дәйексөздер #Балалар_әңгімелерінен_үзінділер #Үзінділер

0
0
546

Ойла: Дуэк К. Ойлау табысқа жетудің жаңа психологиясы

Өміріңіздің мәнді болғанын қаласаңыз, ойыңызды өзгертіңіз. Өзгеруді өзіңізден бастаңыз. Ойлау жолыңызды қайта қарастырыңыз. Болашаққа сеніммен қараңыз, талпыныңыз, үйреніңіз, мақсатыңызға жету үшін аянбай еңбек етіңіз. Осылайша сіз үлкен жетістікке жетесіз. Автордың айтқысы келгені осы. Кітап жеке өсуге бағытталған. Ересектер мен балалар психологиясының дамуы, ойлау тәсілін өзгерту мәселелері жан-жақты зерттеледі. Автор ғылыми зерттеулер мен конференциялардың, семинарлар мен лекциялардың материалдарына көп көңіл бөледі. Ойын мысалдарын қолдана отырып, ол бұған қалай қол жеткізілетінін айтады. Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.

0
0
791

Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті #Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді #Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері #Балаларға_арналған_әдебиеттер #Балалар_шығармалары #Балаларға_арналған #Дәйексөздер #Балалар_әңгімелерінен_үзінділер #Үзінділер

0
0
656

Әдеби бағдарлама: Рүстем Сауытбай «Шоко әлем»

#балалар_жылы

Сәлемтетсіздер ме, құрметті оқырмандар! Әдеби бағдарлама аясында сіздердің назарларыңызға Рүстем Сауытбайдың «Шоко әлем» атты фэнтези кітабын ұсынатын боламыз. Кітап 2021 жылы Алматы қаласында «Порлиграфкомбинат» баспасында басылып шыққан. Автор Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасы. Ең қызығы осы шығармада орын алатын оқиғалар да Арқалық қаласына жақын Амантоғай ауылында орын алады. Оқиға желісі бойынша оқушы балалар Эля мен Райл жазғы каникулда әжесіне қыдырып барады. Ауылда табиғат аясына қыдырып барғанда балалар ойнап жүріп, сиқырлы үңгірге тап болады. Олар үңгірдің ішінде шоколадтан жасалған әлемге кез болады. Одан әрі олар қызықты да шытырман оқиғаларды бастан кешіреді. Шоко әлемді сезінгілеріңіз келсе, кітапхана келіңіздер, оқыңыздар.

0
0
901

Льюис Кэррол “Алиса ғажайыптар елінде”

“Алиса ғажайыптар елінде” 1865 жылы шыққан. Ертегінің авторы Льюис Кэррол. Бұл бүркеншік есім. Жазушының шынаты- Чарльз Лютвидж Доджсон,ағылшын математигі, ақыны.

Бұл кітапта Алиса атты қыз жайлы баяндалады. Алиса қоян іні арқылы қиял-ғажайып әлемге тап болады. Ертегі бүкіл әлемде "фэнтэзи" жанрындағы атақты кітап болып саналады.

"Алиса айнаның арғы бетінде" кітабы "Алиса ғажайыптар елінде" кітабының жалғасы.

Фэнтази, ертегі әлеміне саяхат жасауға шақырамыз. Көптеген қызықты, әсерлі күйге кітап кейіпкерлерімен бірге күн кешесіңдер.

0
0
953

Ойла: Джордж Клейсон "Вавилондағы ең бай адам"

#балалар_жылы

"Вавилондағы ең бай адам" Джордж Сэмюэл Клейсон - "Вавилондағы ең бай адам"кітабының авторы. Автор ақша мәселелерінде жетістікке жету үшін жеке қаржыны басқару принциптеріне сенімді. Кітап беттерінде көрсетілген жеке қаржыны басқару принциптері, ақшаны қалай дұрыс басқару туралы білімдерін кеңейтеді. Кітап қаржы әлемін жаулап алғысы келетіндерге арналған.

«Самый богатый человек в Вавилоне»

Джордж Самюэль Клейсон — автор книги «Самый богатый человек в Вавилоне». Автор уверен: чтобы достичь успеха в денежных вопросах, принципы управления личными финансами. Изложенные на страницах книги принципы управления личными финансами расширит знания как правильно распоряжаться деньгами. Книга предназначена для многих, кто хочет покорить финансовый мир.

0
0
737

Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті #Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді #Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері #Балаларға_арналған_әдебиеттер #Балалар_шығармалары #Балаларға_арналған #Дәйексөздер #Балалар_әңгімелерінен_үзінділер #Үзінділер

0
0
628

Артур Конан Дойл "Жоғалған әлем"

"Жоғалған әлем" - көрнекті ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың ғылыми фантастикасы.

Амазониядағы адам аяғы басып көрмеген биік жартасты үстіртті зерттеуге аттанған профессор Челленджер мен оның серіктері профессор Саммерли, лорд Джон Роксон мен газет тілшісі Мэлоун динозаврлар, адам тектес маймылдар мен жабайы адамдар қатар тіршілік ететін «жоғалған әлемге» тап болады.

Әлемнің көптеген тіліне аударған бұл роман алғаш рет қазақ оқырмандарына ұсынылып отыр.

0
0
874