Өзім Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қызмет етемін. Сондықтан Ы. Алтынсариннан бастауға жөн көрдім.Ұлы ұстаздың, бізге таныс «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі, балаларды мектепке оқу-білім алуға шақыратын өлең деп білеміз, бірақта мына сөздерді оқысақ:Надандықтын белгісі – Еш ақылға жарымас. Жайылып жүрген айуандай Ақ, қараны танымас.Аяңшыл ат арымас, Білім деген қарымас. Жөн білмеген наданға Қыдыр ата дарымас.Оқу білген адамдар Май тамызған қылыштан. Білмегенді білуге Есті бала тырысқан, Есер бала ұрысқан.қандай мағыналы сөздер, жақсы мен жаманды айырып көрсеткен ғибратты сөздер. Осы сөздертек қана кішкентайларға емес үлкендерге де үлгі, өмір мектебінде білім алатындай сөздер. Сондықтан мен Ыбырай атамыздың шығармаларын оқуға кеңес берер едім. Өлеңдер…