Қазақстан эстрадасы интернетті қолдана ма?
Астана күніне байланысты 5-шілдеде «Астана жұлдызы» атты музыкалық байқау өтті. Аға буын мен жас әншілердің көпшілігі қатысқан мерекелік іс-шараға «Екпін» де қатысып, ән байқауы болғандықтан, жұлдыздардан «Жақсы ән қандай болуы керек?» деген және де интернетке қатысты біраз сұрақтар қойып шықты. Әли Оқапов: Ән жайлы. Меніңше, әлі де «жақсы ән» құпиясы ешкімге белгісіз. Хит әндер, халық әндері, заманауи әндер әрқайсысы бөлек дүниелер. Сол себепті, мен үшін ең алдымен, жақсы ән дегеніміз жүректен шыққан ән. Екіншіден, кәсіби аранжировка мен күрделі формасы бар қызықты стильде жазылған ән. Өз талғамым соған келеді. Интернетке келер болсақ, оған өте жақынмын. Сағат сайын кіріп, тексеріп тұрамын. Әлеуметтік желілерден: ВКонтакте, туиттер және инстаграмда бармын. Одан басқа желілерде мен жоқпын…
