Әсет Нұрпейісовтің бизнес сырлары
Әсет Нұрпейісовты интернет жобаларын іске асыра бастаған алғашқы кәсіпкерлердің бірі деуге болады. Қазірде ол Smart Shop атты смартфондар мен планшеттер сататын онлайн және оффлайн дүкендерін сәтті жүргізуде. Сондай-ақ алғашқы блогерлер қатарын бастаған Әсет қазірдің өзінде интернет аудиториясына жақсы танымал. Әсет өз ісін қалай бастағаны туралы, онлайн дүкендер және де басқа бизнес сұрақтарға жауап беріп, сіздермен өз тәжірибесімен бөлісті. Әдеттегідей Әсеттің позитивті көңіл-күйімен айтылған әңгімесі көп жастарға өз ісін бастауға мотиватор болады деген үміттенеміз. - Сәлем, Әсет! Өзің қай жерде, қаншасыншы жылы туылдың? Мамандығың қандай? - 1988 жылы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында туылдым. Анам атымды өзінің әпкесі Әсияның құрметіне Әсет деп қойған екен. Жұлдызым – арыстан. 4 жа…
